Жаңалықтар жаңғырығыҚайнар

Өзбек депутаттары Өзбекстан Ресейдің бақпанды жері емес екенін мәлімдеді

ТАШКЕНТ. 16 қараша. Өзбекстан олий мажилисінің депутаттары РФ мемлекеттік думасында бұрынғы одан елдерінде орыс тіліне қысым жасалып жатыр деген дабылына жауап қайтарды. Бұл туралы kun.uz ақпарына сілтеме жасаған rast.kz хабарлайды.

Өзбекстан жоғары мәжілісі – сенатының депутаттары Алишер Кадыров және Бобур Бекмуродов ресейлік депутаттың орыс тілін екінші мемлекеттік тілге жатқызбай отырған елдердің еңбек мигранттарын шектеу және келтірмеу жөніндегі мәлімдемесіне орай жауап берді.

Бұған дейін Ресей мемлекеттік думасы спикерінің орынбасары Пётр Толстой посткеңестік кеңістіктегі елдерде орыс тілін оқыту мәселесін көтере отырып, республикаларда ағылшын тілін үйренуге көбірек мән берілетінін, ал ұлттық тілдердің орыс тілін ығыстырып шығаруы әрекеті жасалып жатқанын айтқан болатын. Ол орыс тілі мемлекеттік тіл болып саналмайтын дәулеттерден келетін мигранттардың Ресейде белгілі бір кәсіптер бойынша жұмыс істеулеріне тосқауыл қоюды және шектеуді ұсынды.

«Сонда біз де өзбекше сөйлемейтін қызметкерлерді жұмыстан қууды ұсынуға тиіспіз бе? Жоқ, біз басқа жолмен барамыз – оларға өзбекше сөйлеуге үйретеміз. Ал сіз өз бетіңізше жұмыс істеуге үйреніңіз. Мұның бір кездері орыс тіліне деген шынайы құрмет пайда болуына алып келуі мүмкін», – деп жазды «Миллий тикланиш» демократиялық партиясының төрағасы Алишер Қадыров.

«Юксалиш» қозғалысының төрағасы Бобур Бекмуродов сондай-ақ ресейлік депутатты өзге елдердің ішкі істеріне араласпауға шақырды.

«Өзбекстан – депутат Пётр Толстойдың үй іргелік жері емес. Өз мемлекеті мен бұқарасының мәселелерімен шұғылдансын. Өзбекстанда орыс тілі еркін қолданыстың тілі. Біз одақтас ел мәртебесіне сәйкес жұмыс істеп келеміз. Ал депутат Толстой керісінше жұмыс жасайды», – деді ол.

Депутат мигранттарға төленіп жатқан ақша үшін ресейліктерге алғыс айтудың мағынасы жоқ екенін алға тартады. «Толстой мырза, отандастарымыз Ресейде өз еңбектері үшін сіздердің үкіметтеріңіз белгілеген төлемдерді алады. Олардың отбасыларына жіберіп жатқан пұлдары сіздердің өтемақыларыңызға кірмейді. Ал орыс тілді отандастарымыз хақындағы мәселені өзіміз шешеміз», – деді ол сосын.

Бұдан бірер күн бұрын Пётр Толстой орыс тілі мемлекеттік тіл болып табылмайтын елдердің азаматтарына Ресейде бірқатар кәсіптер бойынша жұмыс істеуге тыйым салуды ұсынған болатын. «Егер орыс тілі мемлекеттік тіл болып табылмайтын болса, кешіріңіздер, бұл елдердің азаматтары біздің қоғамдық орындарда жүргізуші (айдаушы), сатушы, курьер болып жұмыс істемеуге тиіс», – деді Толстой.

Биылғы қараша айында Өзбекстан президентінің кеңесшісі Қахромон Қуронбаев Ресей мемлекеттік думасының вице-спикері Владислав Даванковпен кездесуі кезінде Ресейде мигранттардың балалары үшін мектептер мен балабақшалар ашуды өтінгенде, ресейлік депутат Михаил Делягин мұның заңсыз екенін айтып еді. «Меніңше, Өзбекстан, әлбетте, балалар бақшалары мен мектептер ашуы керек, бірақ тек өз территориясында», – деген-ді ресейлік депутат кекетіп.

Алишер Қадыров бұған жауап ретінде «егер Ресейде өзбектер мен өзбек тіліне деген қарым-қатынас Делягин айтқандай болса, онда Өзбекстанда орыс тіліне деген қарым-қатынас тап сондай болуға тиіс» екенін мәлімдеді. Бобур Бекмуродов сондай-ақ Ресейден өзбектерді шығарып жіберуді ұсынған депутатты одан да өз елінің «ыдырап» («паршаланып») кетпеуі жағын көбірек күйттеуге шақырды.

 

Хабардың өзбекше түпнұсқасы:

«Ўзбекистон унинг томорқаси эмас». Депутатлар меҳнат муҳожирларига чеклов ўрнатишга чақирган россиялик депутатга жавоб қайтарди

Россия Давлат думаси спикери ўринбосари Пётр Толстой постсовет ҳудудидаги мамлакатларда рус тилини ўқитиш масаласини кўтариб, республикаларда инглиз тилини ўрганишга устунлик берилаётгани, рус тилини миллий тиллар билан сиқиб чиқаришга ҳаракат қилинаётганини айтганди.

Олий Мажлис Қонунчилик палатаси депутатлари Алишер Қодиров ва Бобур Бекмуродов россиялик депутатлардан бирининг давлат тили рус бўлмаган мамлакат фуқароларига Россияда айрим касбларда ишлашни чеклаш бўйича таклифига муносабат билдирди.

«Биз ўзбек тилини билмайдиган хизматчиларни ишдан ҳайдашни таклиф қилишимиз керак(ми?) Биз бошқа йўлдан борамиз – уларга ўзбек тилини ўргатамиз. Сиз эса ўзингиз ишлашни ўрганинг. Бу рус тилига қачонлардир ҳақиқий ҳурмат пайдо бўлишига олиб келиши мумкин», – деб ёзди «Миллий тикланиш» демократик партияси раиси Алишер Қодиров.

«Юксалиш» ҳаракати раиси Бобур Бекмуродов ҳам россиялик депутатни бошқа давлат ишларига аралашмасликка чақирган.

«Ўзбекистон депутат Пётр Толстойнинг томорқаси эмас. Ўз мамлакати ва фуқаролари муаммолари билан шуғуллансин. Ўзбекистонда рус тили эркин мулоқот тили. Биз иттифоқчи мамлакат мақомига мос ишлаяпмиз. Депутат Толстой эса йўқ», дейди у.

У меҳнат муҳожирлари учун тўланаётган пулларни миннат қилиш мантиқсиз эканини таъкидлаган.

«Жаноб Толстой, ватандошларимиз Россияда ўз меҳнати учун ҳукуматингиз белгилаган тўловларни тўламоқда. Уларнинг оилаларига юбораётган пулини тақсимлаш сизнинг ваколатингизга кирмайди. Рус тилида сўзлашувчи ватандошларимиз ҳақида эса ўзимиз қайғурамиз», деган у.

Шу кунларда россиялик депутатлардан бири Пётр Толстой Россияда рус тили давлат тили бўлмаган мамлакат фуқароларига баъзи касбларда ишлашни тақиқлаш таклиф этганди. «Агар рус тили давлат тили бўлмаса, кечирасиз, бу мамлакатлар фуқаролари бизнинг жамоат жойларида – ҳайдовчи, сотувчи, курер бўлиб ишламаслиги керак. Бундай чора-тадбирлар аста-секин вазиятни тўғрилайди», – деган эди у.

Шу йил октябр ойида ҳам Ўзбекистон президенти маслаҳатчиси Қаҳрамон Қуронбоев Россия давлат думаси вице-спикери Владислав Даванков билан учрашувда Россиядаги мигрантлар болалари учун боғча ва мактаблар очишга ёрдам беришни сўраганидан кейин россиялик депутат Михаил Делягин бу ташаббус ноқонуний деб айтганди. «Менимча, Ўзбекистон, албатта, болалар боғчалари ва мактабларни қуриши керак, лекин фақат ўз ҳудудида. Ва Россияга сиқиб чиқарган фуқароларини қайтариб ватанига олиб кетиши керак», – деганди россиялик депутат.

Бунга жавобан Алишер Қодиров Россияда ўзбеклар ва ўзбек тилига муносабат Делягинча бўлса, Ўзбекистонда рус тилига муносабат мутаносиб бўлиши кераклигини таъкидлаганди. Бобур Бекмуродов ҳам ўзбекистонликларни Россиядан олиб кетишга чақирган рус депутатига жавоб қайтариб, уни ўз мамлакати «парчаланмаслиги» ҳақида қайғуришга чақирганди.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button