Жаңалықтар жаңғырығыСпорт

Моңғол сумошысы өз елінен бас тартып, жапон азаматтығын алды

УЛАН-БАТОР. 14 желтоқсан. Моңғолдың тағы бір ұлы спортшысы өз елінен бас тартып, Жапонияның азаматтығын алды. Бұл туралы ARD хабарлады.

Сумо күресінен гранд-чемпион, жоғары дивизионның алты атағының иегері, моңғол спортшысы Какурю өзі туып-өскен елдің азаматтығынан шығып, жапон азаматтығын алды.

Моңғолдың 35 жастағы ұлы сумошысы Жапония сумо қауымдастығының зейнетке аға азамат дәрежесінде шығуы үшін өзіне қойған талабы бойынша осындай қадамға барды. Ол енді ғана спортшылық мансабын аяқтағаннан кейін өзінің жеке мектебін аша алады.

Сумошыға жарысқа қатысу үшін жапон азаматтығы талап етілмейді. Бірақ оны аяқтағаннан кейін зейнетке шығу үшін онда Жапонияның азаматтығы болуы керек. Оған бұл азаматтық  сумо ақсақалы атанып, өзінің жеке мектебін аша алу үшін де керек.

Какурю – жапон азаматтығын алған төртінші шетелдік-йокозуна. Оның алдында америкалық Акебоно мен Мусасимару, сондай-ақ моңғол сумошысы Хакухо Жапония азаматы атанған еді. Бұлардың соңғысы азаматтықты былтыр алған.

Какурю мансабын 2001 жылы сумошы ретінде бастап, Идзуцу мектебінде өнер көрсетті. 2014 жылдың көктемінде ол ең жоғары А йокодзуны дәрежесіне көтерілді.

2019 жылдың қыркүйегінде Идзуцу Оякат қайтыс болып, оның мектебі жабылып қалғаннан кейін ұлы сумошы Мичиноку мектебіне ауысқан болатын.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button