Байден Трамп келгенше Украинаға қару-жарақ беріп алуды арттыруды сұрады
УАШИНГТОН. 24 қараша. АҚШ президентінің әкімшілігі Трамп билік басына келгенге дейін Украинаға көптеп әскери көмек беріп қалуды талап етті. Бұл туралы «Диалог.ua» ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
Атап айтқанда, әкімшілік Украинаға тез арада $7 млрд қаржысы мөлшерінде ұшатын қарулар жеткізіп беруге ұмтылып жатыр.
FT газеті Ақ үйдің қожайыны Джо Байденнің өз әкімшілігінен жаңадан сайланған Дональд Трамптың инаугурациясына дейін жұмысты екі есе жылдамдатуды талап етіп отырғанын баяндады. Ол негізінен Украинаға әскери көмек беруге қатысты айтылуда.
Байден әкімшілігі Киевке ұшатын қарулар жеткізіп беру үшін $7 млрд сомасында қаржы бөлдіртуге күш салумен бірге, Украинаның Америка қаруын пайдалануына қатысты саясатты да айтарлықтай өзгертуді көздеуде.
Өзінің сайлау алды науқанында Трамп Киевке әскери көмек беру тәртібін сынаған болатын. Оның бұрынғы кеңесшілерінің бірі журналистерге Американың жаңа әкімшілігі Украинаның Ресей басып алған барлық территориясын қайтаруға емес, бейбітшілікке қол жеткізуге назар аударатынын айтты. Рас, бірқатар уақыт өткеннен кейін Трамп командасындағылар бұл адамның мына әңгімені жаңа сайланған президенттің атынан айтпағанын нақтылай түскен.
The Hill газеті өз кезегінде Байденнің енді Ресей тарапынан болатын ядромен шабуыл жасау қатерінен қорықпайтынын атап өтті.