Жаңалықтар жаңғырығыҚұқық

Армян прокуратурасы Пашинянға қарсы материал жинайды

ЕРЕВАН. 20 қараша. Армения арнайы тергеу қызметі премьер-министрге қарсы материалдар дайындауға кірісті. Бұл туралы Tert.am хабарлады.

Материал Никол Пашинянның Facebook-те әскери қызметкерлерді «қабырға астында тістерін шықырлататындармен», яғни өзіне қарсы оппозиционерлермен «мәселені түпкілікті шешіп алу үшін» Ереванға келуге шақырған пост жариялау фактісі бойынша жиналмақшы.

Армения бас прокуратурасындағылар материал Қылмыстық-процессуалды кодекстің 180 және 181-баптарына сәйкес дайындалып жатқанын баяндаған.

Еске сала кетейік, 16 қараша күні премьер жариялаған хабарламаны қоғам азамат соғысына шақыру ретінде қабылдаған болатын.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button