ӘлеуметЖаңалықтар жаңғырығы

Акопян: Ресей біз армандай алмаған нәрсені де берді

ЕРЕВАН. 20 қараша. Армения қарулы күштері бас штабының бұрынғы бастығы Мовсес Акопян Қарабақтағы соғыс кезінде Ресейдің өздеріне тіпті армандай алмаған нәрселерін де бергенін мәлімдеді. Бұл туралы News.am хабарлады.

«Соғыс кезеңінде біздің армияны жабдықтап тұру өзімізге дос ел – Ресей арқылы жүзеге асырылды», – деді ол кеше өткізген баспасөз мәслихатында қорғаныс министрі Давид Тоноянның Арменияның блокадада болғаны жайлы мәлімдемесіне орай.

«Қорғаныс министрі қайда болғанын, қандай контракт болғанын тек бүгін ғана емес, сол кезде де түсінуі керек еді, ал соғыс кезінде бәрі құпия жолмен жабдықталып жатты. Бірде-бір ел бізге қару-жарақ пен оқ-дәрі сатқан жоқ. Министр күні бүгінге дейін соғыс кезінде жабдықтаудың екі есе қиындайтынын түсінбеген бе? Мен мынаны айтқым келеді: әскерді жабдықтау жағында қорғаныс министрлігінің еш шаруасы болған жоқ, соғыс кезінде оны бізге дос ел – Ресей жүзеге асырып тұрды. Ресей бізге тіпті өзіміз армандай да алмаған нәрселерді жасырын жеткізіп берді», – деді Мовсес Грантович тағы.

Мовсес Акопян премьер-министрді қылмыскер деп атады.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button