Коронавирус: 10 мыңға жетпей, тоқтамайтын түріміз бар
АСТАНА. 21 мамыр. Өткен тәулікте елімізде 265 індет жұқтыру оқиғасы тіркеліп, оның жалпы саны 7234-ке жетті. Бұл туралы coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасаған rast.kz хабарлады.
Сөйтіп, кешегі 218-ден де асып түстік. Жалпы, бұл тәуліктегі цифр біздің алдыңғы екі антирекордымыздан да жоғары. Мына қарқынымызбен 10 мыңға жетпей тоқтай қоятын түріміз байқалмайды. Қайта аймақтар арасында жарыс басталып кеткен сияқты.
Мұны өткен түнгі сағат 23:59-ға дейін тіркелген 265 оқиғаның аймақтар арасында бөлінісі анық көрсетеді:
Астана қаласы – 84, Алматы қаласы – 57, Атырау облысы – 24, Шымкент қаласы – 23, Алматы облысы – 19, Батыс Қазақстан облысы – 13, Қарағанды облысы – 13, Қызылорда облысы – 11, Павлодар облысы – 9, Жамбыл облысы – 5, Түркістан облысы – 2, Ақтөбе облысы – 2, Маңғыстау облысы – 1, Ақмола облысы – 1, Шығыс Қазақстан облысы – 1.
Өткен тәулікте вирустан «аман» кеткендер қатарында Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары бар.
Сонымен, есепті кезеңдегі елдегі эпидемиологиялық ахуал мынадай: Алматы қаласы – 1966, Астана қаласы – 1403, Атырау облысы – 816, Шымкент қаласы – 508, Батыс Қазақстан облысы – 352, Қарағанды облысы – 300, Қызылорда облысы – 266, Түркістан облысы – 247, Алматы облысы – 238, Ақтөбе облысы – 233, Жамбыл облысы – 222, Павлодар облысы – 176, Маңғыстау облысы – 164, Ақмола облысы – 135, Қостанай облысы – 110, Шығыс Қазақстан облысы – 59, Солтүстік Қазақстан облысы – 39.
Осы кезге дейін 3734 адам жазылып, 35 адам қайтыс болды.
Көз жұмғандар мына аймақтарда тіркелді: Алматы қаласы – 10, Шымкент қаласы – 6, Астана қаласы – 5, Ақмола облысы – 4, Қарағанды облысы – 3, Павлодар облысы – 2, Шығыс Қазақстан облысы – 1, Қостанай облысы – 1, Маңғыстау облысы – 1, Түркістан облысы – 1, Жамбыл облысы – 1.