Жаңалықтар жаңғырығыҚұқық

Пәкістанда екі қыз әкесі мен ағасы қолынан қаза тапты

ИСЛАМАБАД. 20 мамыр. Пәкістанда бірі 18-дегі, екіншісі 16-дағы екі жасөспірім қыз өзінің туыстары қолынан қазаға ұшырады. Бұл туралы Британияның «The Guardian» газеті хабарлады.

Бұған екі қыздың бейтаныс бір еркекпен тұрғаны түсірілген видео себеп болыпты. Екі отбасының мүшелері осы үшін екі қызды атып өлтірген.

Газеттің хабарлауынша, қанды оқиға Пәкістанның солтүстік-шығыс аймағындағы бір қалашықта орын алған. Бұған әлеуметтік желіде пайда болған бір видеокөрініс себепшілік еткен. Онда бір бейтаныс жас жігіттің «бос көшеде өзін және үш жас қызды» түсіріп алғаны айтылады. Жазба өткен жылы жазылған екен. Бірақ желіге бұдан бірнеше апта бұрын ғана тараған.

Қазіргі кезде бір қыздың әкесі мен, келесі қыздың ағасы қамауға алынған. Қыздардың өліміне ықтимал қатысы бар деп есептелген тағы екі адам қашып кетіпті. Олар іздестіріліп жатыр.

Құқық қорғау органдары видеодағы үшінші қыз бен жігіттің жағдайлары қандай екенін анықтап біліпті. «Біздің мақсатымыз – басқа шаралар қабылдаудан бұрын үшінші қыз бен жігіттің өмірлерін сақтап қалу», – деп мәлімдеді полициядағылар. Тәртіп сақшыларының мәліметтеріне қарағанда, олар тірі, аман-сау.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button