Илья Эренбург. «Қазақтар»
Маған бір фриц былай деді: «Біздің қарсылас солдаттарымыз қорқынышты болды, оларды ешқандай от тоқтата алмайды, бізге тура жүгіреді. Олардың қазақтар екенін мен кейін естідім. Бұрын мұндай халықтың бар екенін де білмеген едім…» Фрицтер көп нәрсе білмейді. Оларға Ресейдің алып мемлекет екенін айтқан да, онда алып халық тұратынын айтпаған.
Күн шығыс даласында тым ыстық пен қатты суыққа әбден еті үйреніп кеткен қайратты халық тұрған. Қазақ ақындары қазақтың кең даласы, батырлардың ерлік істері туралы жырлаған. Батырға ардан қымбат нәрсе жоқ. «Маған жалғыз-ақ намыс қымбат» деп алты құлаш найзасын алып, Ер Тарғын батыр жеті жүз жауға жалғыз шапқан. Москваны қорғаған 28 батырдың көз алдында Тарғынның осы бейнесі тұрған емес пе?
Панфиловшылардың бірі, 19 жастағы Сұлтан Ходжиков Алматыдағы өзінің сүйгеніне былай деп жазады: «Эсфира, сүйіктім, жоқ, мен сені немістің қорлығына бермеймін! Өлем, бірақ шегінбеймін. Мен ондаған жауыздарды және оларды полковнигімен қоса о дүниеге аттандырдым. Бұл менің махаббатымның белгісі, Эсфира. Сенің Сұлтаның». Он бір немісті полковнигімен жойған жігіттің сезіміне қандай қыз қуанбайды.
Жиырма жыл бұрын Амангелді батыр қазақ халқының бақыты үшін шайқасқа шықты. Ол: «Қорқақ адамды кездестіруге қоян ұялады», – деген. Амангелді жорыққа шыққанда жауының бетіне түкіріп, теңізші орыс досын құшақтаған.
Қазан төңкерісінен кейін Қазақстан гүлдене бастады. Гвардияшыл Өмірәлиев жиырма жасында «Таш пашат» гүлденген колхозының төрағасы болды. Ол бір кезде жауынгерлер қатарында болды. Үш аптаның ішінде жиырма төрт немісті қырып үлгерді. «Бұл жай ғана кепілдеме, төлемі әлі алда», – дейтін ол.
Өмірбек Ілиясов атты қазақ өзінің ауыр жарақатына қарамастан, жанармай құйылған шынылы неміс танкісін өртеуге қайраты жетті. Ол үлкен жүректі кішкентай қазақ. Фрицтер қазақтың кім екенін енді білді. Увалиев жиырма тоғыз немістің жанын жаһаннамға аттандырды. Жауынгерлер жиырма тоғыз рет «ура» деп айқайлады. Пулеметчик қазақтар Естаев пен Балапанов неміс жаяу әскерлерін танкіден бөлектеп, ерлік істеді. Олар немістерге 150 метр жақындап, содан кейін ата бастады. Сонда Балапанов Естаевқа айтты: «Жаудың мүрдесінен жақсы иіс шығады» деген рас екен.
Жауынгер Тұрсынбаев Тынық мұхиты жағалауында Қазақстанын қорғады. Қиын күн болды: біздің жігіттер жаңа шекараны қорғау үшін шабуылға шықты. Бірақ немістер оғы командирге тиді. Барлығы абыржып, не қыларын білмей қалды. Тұрсынбаев алдыға шықты да: «За Родину!» деп айқайлады. Одан кейін «Отан үшін!» деп қазақшалап қайталады. Взводты немістерге бір табан жақындатты. Жау кейін шегінді. Тұрсынбаев ұрыс аяқталған соң: «Немістерді қыру – менің кішкене ғана ерлігім, біз бәріміз біріксек – үлкен күшке ие боламыз», – деді.
Қазақ Ырысов жауынгерлерді ұрысқа бастап барды. Өзі жаралы болса да оқ тиген командирді ұрыс даласынан алып шықты. Ырысовқа командирі: «Санчастіге бар», – деді. Ол: «Жоқ, соғысуға барам», – деп жауап берді. Майданға кетіп бара жатқан Әшім Қасқабаевті бүтін ауыл болып шығарып салды. Әшімнің әкесі, сақалды қазақ баласына былай деді: «Әшім, біздің жеріміздің қандай екенін ұмытпа. Жеріміз жақсы – бұл жерде бидай да, қарбыз да, кендір де – бәрі бар. Бұл – сенің жерің, неміске берме» деді. Әшім пулеметчик болды. Ауыр күннің бірі еді. Немістер шабуылға шықты. Мина таусылды. Әшім қолына винтовка алып, «Көзін құрт немістің» деп жауға қарай жүгірді. Оның соңынан басқа жолдастары да жүгірді. Әшім неміс офицерін найзамен түйреді. Сол күні ол 4 рет шаппа-шап соғысқа қатысты, бірнеше немісті түйреді. Әшім жарақат алып қалды. Оған жолдастары: «Қасқабаев, саған госпитальға бару керек» деді, оған Әшім: «Госпитальдың керегі жоқ, одан да немістерді жою керек» деп жауап беріп, қатарда қалды. Жігіттер осылай соғысты.
Ленинградты қорғаушы қазақ Көкжалин шабуылға кетіп бара жатқанда снаряд қаруын ортасынан бөліп тастады. Ол қорыққан жоқ. Жауға гранатпен шықты. Қазақтар далада атқа мініп өскен. Керек болса олар еңбектейді, жүгіреді, батпаққа да түседі, оларды ешнәрсе тоқтата алмайды.
Отанға берілгендік отпен тексеріледі. Сабанды отқа салсаң, жанып кетеді, болатты отқа қойсаң шыңдалады. Бір құдай екіншісін жек көретін, венгр румынды тұншықтыратын Гитлердің «Жаңа Еуропасына» обал-ақ. Біз өртті тұтатамыз. Олардан істеген ісі үшін жауап беретін сәт туғанда бір неміс екінші немісті өлтіре салады. Соғыс отының ортасында біздің Отанымыз үш есе күштірек бола түсті. Қазақтар орыстармен теңдей соғысты. Біз бірге өртенеміз, бірге ұрысамыз, жеңістің алғашқы кезеңіне бірге қуанатын боламыз.
«Красная звезда», 18 қазан, 1942 жыл
Илья Григорьевич Эренбург (1891-1967) – тегі еврей жазушы, ақын, журналист. Ол Киев қаласында туған. Соғыс кезінде «Красная звезда» газетінің майдан даласындағы меншікті тілшісі болған.
Төменде оның жоғарыдағы мақаласының түпнұсқасын қоса жариялап отырмыз.
Илья Эренбург. Казахи
Один фриц мне сказал: «Против нас были страшные солдаты — их не мог остановить никакой огонь, они бежали прямо на нас. Потом мне сказали, что это — казахи. Я не знал прежде, что существует такой народ…» Фрицы многого не знали. Им говорили, что Россия — большая страна, но им не говорили, что в этой большой стране живут большие люди.
В степях востока, привыкшие к нестерпимому зною и к суровому холоду, издавна жили отважные люди. Певцы-акыны пели старины о героях Казахстана, о славных батырах. Нет ничего для батыра дороже чести. Против семи тысяч врагов пошел батыр Ер-Таргын, пошел с шестиаршинным мечом, восклицая: «Только честь мне дорога». Разве не реял образ Таргына над двадцатью восемью героями, защищавшими Москву?
Один из панфиловцев, девятнадцатилетний Султан Ходжиков, пишет своей любимой в Алма-Ата: «Нет, не отдам тебя, моя любовь, Эсфир, на поругание немцу! Умру, но не отойду. Я отправил на тот свет десяток бесчестных и с ними их полковника. Это мое признание тебе в любви, Эсфир. Твой Султан». Одиннадцать фрицев, а среди них полковник — какая девушка не обрадуется такому признанию?
Двадцать пять лет тому назад Амангельды, батыр-большевик, сражался за счастье казахского народа. Амангельды говорил: «Зайцу стыдно встретиться с трусливым человеком». Когда Амангельды повели на расстрел, он плюнул в лицо палача, а потом обнял своего друга, русского матроса.
Ожил после Октябрьской революции Казахстан, расцвели его сады, всколосились поля. Есть казахам что защищать. Гвардеец Урамалиев девять лет был председателем цветущего колхоза «Таш пашат».
Недавно он встал в ряды бойцов. За три недели он застрелил двадцать четыре немца. Он говорит: «Это им только задаток, а платеж впереди».
Казах Амирбек Ильясов, тяжело раненый, нашел в себе силы, чтобы поджечь немецкий танк бутылкой с горючим. Маленький казах с большим сердцем. Да, фрицы теперь узнали, что такое казахи. Двадцать девять немцев убил казах Увалиев. Двадцать девять раз кричали «ура» бойцы.
Два казаха, пулеметчики Истаев и Балапанов, отрезали немецкую пехоту от танков. Они подпустили немцев на полтораста метров, а потом начали работать. Трупы фрицев покрыли дорогу, и Балапанов сказал Истаеву: «Правду говорят, что труп врага хорошо пахнет».
Боец Торунсабаев на берегах омраченного Дона защищает родной Казахстан. Был тяжелый день: наши пошли в атаку, чтобы занять новый рубеж, но немецкая пуля сразила командира. Настала минута замешательства. Тогда Торунсабаев выбежал вперед и крикнул: «За родину». Потом он повторил эти слова по-казахски: «Отан ушин». Он повел взвод на немцев. Враг дрогнул. А Торунсабаев, когда кончился бой, просто сказал: «Мое дело маленькое бить немца. А мы все вместе — большая сила».
Казах Ирисов повел бойцов. Они блокировали четыре вражеских дзота. Ирисов, раненый, вынес с поля боя сраженного пулей командира. «Иди в санчасть, — сказали Ирисову. Он ответил: «Нет. Иду воевать». Когда Ошим Коскабаев уезжал на фронт, его провожал весь кишлак. Отец Ошима, бородатый казах, говорил: «Помни, Ошим, какая у нас земля. Добрая земля, всего много — пшеница, хлопок, арбузы. Это, Ошим, твоя земля. Смотри, не отдай ее немцу». Ошим стал пулеметчиком. Был трудный день: немцы пошли в контратаку. Мин больше нет. Ошим крикнул: «Бей немца» и побежал навстречу врагам с винтовкой в руке. За ним ринулись товарищи. Штыком пырнул Ошим немецкого офицера. Четыре раза в тот день ходил Ошим врукопашную. Он переколол много немцев. Ошима ранило, товарищи говорили: «Коскабаев, надо итти в госпиталь». Ошим отвечал: «Не надо в госпиталь. Надо бить немца». И он остался в строю. Так воюют джигиты.
Защитник Ленинграда казах Дяган Коквалин шел в атаку. Осколком снаряда разбило винтовку. Дяган не смутился: он пошел на врага с гранатами. Казахи привыкли носиться на коне по степи. Но если нужно, они ползут, они бегут, они карабкаются на горы, они вязнут в болотах: ничто их не остановит.
Верность проверяют огнем. Сгорает на огне солома и закаляется на огне сталь. Жалка «новая Европа» Гитлера, каторга, где один раб ненавидит другого, где венгр душит румына и где пруссак измывается над швабом. Мы раздуем огонь. От их верности не останется даже слова. Когда им придется отвечать за содеянное, немец отступится от немца, немец зарежет немца. Трижды сильной стала на огне войны наша родина, Советский Союз, Россия. Казахи сражаются рядом с русскими. Мы вместе горюем, вместе деремся, вместе мы будем радоваться первому утру победы.
«Красная звезда», 18 октября 1942 года