Нобельдің әдебиет бойынша 2024 жылғы сыйлығы кореялық Хан Ганға берілді
СЕУЛ. 11 қазан. Корея жазушысы Хан Ган Нобель сыйлығының әдебиет саласындағы 2024 жылғы аталымына лайықты деп танылды. Бұл турады «Америка даусы» ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
«Кореялық әйел жазушы Хан Ганға Нобельдің әдебиет бойынша 2024 жылғы сыйлығы «тарихи жарақаттарға қарсы тұратын және адам өмірінің нәзіктігін ашып көрсететін бояуы қанық поэтикалық прозасы» үшін берілді», делінген Нобель комитетінің бейсенбі күні таратқан мәлімдемесінде.
Естеріңізге сала кетейік, сыйлықты Швед академиясы тағайындайды және оның құны – 11 миллион швед кронына (1,1 миллион доллар) тең.
«Ол дене мен жанның, тірі мен өлінің арасындағы байланысты керемет сезінеді және өзінің поэтикалық һәм экспериментті стилінің арқасында қазіргі проза жаңашылына айналды», – деді академияның Нобель комитетінің райысы Андерс Олссон.
53 жастағы Хан Ган – Нобель сыйлығының әдебиет бойынша иегері атанған бірінші корей жазушысы, Ол өзінің шығармашылық жолын Кореяның «Әдебиет және қоғам» журналына 1993 жылы өлеңдлерін жариялаудан бастады, ал 1995 жылы «Каторгадағы адамның махабаты » деген қысқа әңгімелер жинағымен прозадағы дебютін жасады.
Хан Ганг бүкіләлемдік танымалдылыққа 2016 жылы халықаралық Букер сыйлығын алған «Вегетар әйел» романымен жетті. Осы марапаттан кейін кітаптары халықаралық деңгейге көтерілген ол жұрт назарынан тыс жүргенді қалайтынын айтты.
«Мен мұнда метромен келдім, – деді ол сол кезде журналистерге. – Менің бұдан былай да құдды бір ештеңе болмағандай бұрынғысынша өмір сүре бергім келеді».
Хан шығармаларында көбінесе зорлық-зомбылық және жарақат алып қалу тақырыптары қозғалады.
Оның 2014 жылы шыққан «Адам әрекеттері» романы 1980 жылы туған қаласы – Кванджуда орын алған демократияны жақтайтындардың наразылықтарын әскерилердің аяусыз басып-жаншыған кезіндегі қырғын жайлы жазылды.
2016 жылы шыққан «Ақ кітап» романының оқиғасы Варшавада өтеді. Ондағы басты орынды өлім мен соғыс қасіреті көріністері алады.
«Мен тарихи оқиғаға негізделген роман жазуды бұрын болған оқиғаларды жай ғана баяндап шығу деп емес, адам табиғатын зерттеу деп есептеймін», – деді Хан Ган өткен жылы Yonhap ақпараттық агенттігіне берген сұхбатында.
2023 жылы Кванджудағы лекциясында ол өз «романдарындағы зорлық-зомбылық көріністерінің зорлық-зомбылықты көрсетуді емес, керісінше одан алшақтауды мақсат ететінін» жеткізді.
Хан Ганның әкесі де белгілі романшы болған, сондықтан 2007 жылы «Вегетар әйел» романы Кореядағы ең көп оқылған кітапқа айналғанда, жергілікті БАҚ жазушының өз әкесінен «мұраға алып қалған әдеби ДНҚ-сын» жоғары бағалады. Жазушының әкесі бұл орайда қызының өзінен «әлдеқашан асып түскенін» айтты.
Хан Ган әдебиет өзінің дүние жөнінде ой қорытатын әдісі екенін бірнеше рет атап өтті.
Ол 2015 жылы Корей әдеби аударма институтына берген сұхбатында: «Мен үшін жазу өмір деген не, өлім деген не, мен кіммін деген шексіз сұрақтар қоюды білдіреді, – деді. – Мен жазуға, әсіресе, роман жазғанда, оған әдетте бір, екі, үш, кейде тіпті төрт жыл жұмсаймын».
Биылғы жылы әдебиет бойынша Нобель сыйлығына үміткерлер қатарында қытайлық жазушы Кан Сюэ, кениялық Нгуги Ва Тионго, аустралиялық Джеральд Мурнан және канадалық Энн Карсон болды.
2023 жылы сыйлық норвег жазушысы әрі драматургі Йон Фоссеге берілді.