ӘлеуметЖаңалықтар жаңғырығы

Вирус: тәулікте тағы бір «антирекорд» жасалды

АСТАНА. 9 мамыр. Қазақстанда өткен тәулік ішінде вирус жұқтырудың 232 оқиғасы тіркеліп, тағы бір «антирекорд» өмірге келді. Бұл туралы coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасаған rast.kz хабарлады.

Сонымен, барлық ауырғандар саны 4922-ге жетіп отыр. Мына сұрқымен инфекция таралуы қарқыны қайтуы тым жақын күндерде бастала қоймайтын сияқты.

Кешегі түстен бүгінгі түскі 12:25 сағатқа дейін тіркелген 232 факт аймақтар арасында мынадай бөлініске түсті: Астана қаласы – 98, Алматы қаласы – 58, Атырау облысы – 34, Шығыс Қазақстан облысы – 11, Қарағанды облысы – 6, Жамбыл облысы – 6, Алматы облысы – 6, Маңғыстау облысы – 4, Түркістан облысы – 3, Шымкент қаласы – 2, Павлодар облысы – 2, Қызылорда облысы – 1, Батыс Қазақстан облысы – 1.

Тәулікте вирустан «аман» кеткендер арасында Ақтөбе, Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары бар.

Сонымен, қазіргі сағаттағы эпидемиологиялық ахуал мынадай: Алматы қаласы – 1559, Астана қаласы – 1003, Атырау облысы – 290, Қызылорда облысы – 226, Шымкент қаласы – 226, Батыс Қазақстан облысы – 218, Қарағанды облысы – 186, Алматы облысы – 182, Жамбыл облысы – 177, Ақтөбе облысы – 172, Түркістан облысы – 172, Павлодар облысы – 154, Маңғыстау облысы – 113, Ақмола облысы – 106, Қостанай облысы – 61, Шығыс Қазақстан облысы – 43, Солтүстік Қазақстан облысы – 34.

Келесі дерек: Осы кезге дейін 1631 адам жазылып шығып, 31 адам қайтыс болды.

Сауығып шыққандар аймақтар бойынша былайша бөлінеді: Алматы қаласы – 362, Астана қаласы – 361,  Қызылора облысы – 150, Шымкент қаласы – 97, Қарағанды облысы – 91, Ақмола облысы – 89, Атырау облысы – 86, Жамбыл облысы – 73, Батыс Қазақстан облысы – 72, Түркістан облысы – 64, Алматы облысы – 48, Ақтөбе облысы – 34, Павлодар облысы – 29, Солтүстік Қазақстан облысы – 28, Қостанай облысы – 23, Маңғыстау облысы – 12, Шығыс Қазақстан облысы – 12.

Қайтыс болғандардың есебі мынадай: Алматы қаласы – 9, Шымкент қаласы – 5, Ақмола облысы – 4, Астана қаласы – 3, Қарағанды облысы – 3, Павлодар облысы – 2, Шығыс Қазақстан облысы – 1, Қостанай облысы – 1, Маңғыстау облысы – 1, Түркістан облысы – 1, Жамбыл облысы – 1.

Ескертпе. Біз коронавирус инфекциясы тарауы деректерін күніне бір рет қана, осылайша таңертең жасалатын тәуліктік жиынтық мәлімет бойынша ұсынып тұрмыз.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button