Молдова «РИА Новости» және «Независимая газета» сайттарын бұғаттады
КИШИНЕУ. 26 қыркүйек. Молдова ақпарат қауіпсіздігі қызметі Ресейдің «РИА Новости», «Независимая газета» сайттарының елде тарау жолын жапты. Бұл туралы The Moscow News ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
«Молдова ақпарат қауіпсіздігі қызметі Ресей мемлекеттік «РИА Новости» агенттігі мен Константин Ремчуковтың «Независимая газета» сайттарын бұғаттап тастады», – делінген хабарламада. Қара тізімге сондай-ақ Қырымның Мәскеуден қалыптастырылған «Госсовет», «Крымская газета», «Крым24» телеарнасы мен Молдовада республиканың Еуропамен интеграциясына қарсы мақсатта құрылған Nuacum.eu порталдары да кірген.
Deschide ресурсының хабарлауынша, бұл таблоидтардың елдегі операторларының бәріне 25 қыркүйек күні осы ұйғарым жіберілген. Шешім елде ақпарат қауіпсіздігі қызметі лайықсыз деп таныған ресейлік бұқаралық ақпарат құралдарының көбейіп бара жатқанына қабылданған.
Әлбетте, бұл жағдайға Ресей мемлекеттік думасы көз жұмып қарап отыра алмады. ТМД істері жөніндегі комитеттің басшысы мұны Молдовада жақында президент сайлауы өтетіндігіне байланысты жасалып жатқан қадам ретінде бағалады.
Айта кетейік, Молдова билігі 2023 жылы Ресейдің 23 сайтын бұғаттап тастаған еді. Олардың арасында ТАСС, «Интерфакс», «Известия», «Ведомости», «Аргументы и факты», «Московский комсомолец», «Комсомольская правда», Lenta.ru, «Российская газета», сондай-ақ бірқатар телеарналар сайттары бар.