АймақЖаңалықтар жаңғырығы

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар 3205 болды

АСТАНА. 30 сәуір. Қазақстанда кеше түстен бүгін таңертеңге дейін коронавирус жұқтырып алғандар саны 145-ке өсіп, барлығы 3205-ке жетті. Бұл туралы coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасаған rast.kz хабарлады.

Енді соңғы 14 күннің республикадағы хроникасына шолу жасасақ, көз алдымызға мынадай картина келер еді: 17 сәуірде – 139; 18 сәуірде – 121; 19 сәуірде – 63; 20 сәуірде – 81; 21 сәуірде – 214; 22 сәуірде – 76; 23 сәуірде – 166, 24 сәуірде – 143; 25 сәуірде – 148; 26 сәуірде – 160; 27 сәуірде – 128; 28 сәуірде – 170; 29 сәуір – 112, 30 сәуірде – 145.

Сонымен, кешегі түстен бүгінгі таңертеңге дейінгі 145 дерек былай бөлініске түседі: кеше сағат 12:50-де – 16 дерек; сағат 17:35-те – 27 дерек, сағат 22:25-те – 35 дерек; ал бүгін таңертеңгі сағат 09:40-та 67 дерек тіркелді.

Бірінші есепте (16) Маңғыстау облысынан – 10, Алматы қаласынан – 3, Шымкент қаласынан – 2, Алматы облысынан – 1; екінші есепте (27) Алматы облысынан – 8, Шымкент қаласынан – 5, Астана қаласынан – 4, Қарағанды облысынан – 3, Батыс Қазақстан облысынан – 3, Жамбыл облысынан – 3, Маңғыстау облысынан – 1; үшінші есепте (33) Алматы қаласынан – 11, Батыс Қазақстан облысынан – 8, Астана қаласынан – 5, Павлодар  облысынан – 5, Атырау облысынан – 4; ал бүгін таңертеңгі төртінші есепте (67) Ақтөбе облысынан – 17, Қызылорда облысынан – 11, Батыс Қазақстан облысынан – 8, Алматы қаласынан – 7, Қарағанды облысынан – 7, Астана қаласынан – 6, Қостанай облысынан – 4, Шығыс Қазақстан облысынан – 3, Шымкент қаласынан – 1, Павлодар облысынан – 1, Ақмола облысынан – 1, Маңғыстау облысынан 1 оқиға шықты.

Тәулік тәулік ішінде пайда болған 145 оқиға аймақтар арасында мынадай бөлініске түсті: Алматы қаласы – 21, Батыс Қазақстан облысы – 19, Ақтөбе облысы – 17, Астана қаласы – 15, Маңғыстау облысы – 12, Қызылорда облысы – 11, Қарағанды облысы – 10, Алматы облысы – 9, Шымкент қаласы – 8, Павлодар облысы – 6, Атырау облысы – 4, Қостанай  облысы – 4, Жамбыл облысы – 3, Шығыс Қазақстан облысы – 3, Ақмола облысы – 1.

Бұл тәулікте «аман» кеткен Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстары болды.

Бір қатты қайран қалдыратыны, 10 күннен астам уақыттан бері Солтүстік Қазақстан облысында аурудың тарауы (30) мен одан емделу (25) көрсеткіштері мүлде мызғымай, осы өзгермеген қалпында тұр. Бұл нені білдіреді? Мұнда не сыр немесе не астар бар?

Тағы бір айтылатын жайт, Алматы қаласының кеше сағат 12:50-дегі көрсеткіші 927 болып тұрды да, сағат 17:35-те 926 болып шыға келді. Мұның себебі де бізге белгісіз. Әлде алдында бір оқиға артық жазылып кетті ме екен? Сондықтан оңтүстік мегаполистің біздің кеше таңертең берген есебімізде 924 болған көрсеткіші бүгін 21 жаңа дерек қосылғанда да, 944 болып тұр.

Сонымен, қазіргі сағаттағы эпидемиологиялық ахуал мынадай: Алматы қаласы – 944, Астана қаласы – 627, Қызылорда облысы – 198, Шымкент қаласы – 190, Қарағанды облысы – 149, Батыс Қазақстан облысы – 146, Атырау облысы – 135, Павлодар облысы – 128, Түркістан облысы – 124, Алматы облысы – 122, Жамбыл облысы – 116, Ақмола облысы – 99, Ақтөбе облысы – 82, Қостанай облысы – 49, Маңғыстау облысы – 46, Солтүстік Қазақстан облысы – 30, Шығыс Қазақстан облысы – 20.

Жазылып шыққандар саны – 819. Олар мына қалалар мен аймақтардың үлестеріне тиеді: Астана қаласы – 226, Қызылорда облысы – 115, Алматы қаласы – 105, Ақмола облысы – 64, Атырау облысы – 60, Қарағанды облысы – 57, Жамбыл облысы – 43, Түркістан облысы – 38, Шымкент қаласы – 32, Солтүстік Қазақстан облысы – 25, Алматы облысы – 12, Ақтөбе облысы – 10, Батыс Қазақстан облысы – 9, Маңғыстау облысы – 8, Шығыс Қазақстан облысы – 7, Павлодар облысы – 5, Қостанай облысы – 3.

Қайтыс болғандар саны – 25. Бұлар Алматы қаласында (8), Ақмола облысында (4), Шымкент қаласында (4), Астана қаласында (3), Қарағанды облысында (1), Түркістан облысында (1), Павлодар облысында (1), Шығыс Қазақстан облысында (1), Қостанай облысында (1), Маңғыстау облысында (1) тіркелді.

Ескертпе. Біз коронавирус инфекциясы тарауы деректерін күніне бір рет қана, осылайша таңертең жасалатын тәуліктік жиынтық мәлімет бойынша ұсынып тұрмыз.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button