Жаңалықтар жаңғырығыТіршілік

Қытайлар жарғанат жеулерін қайта бастады

БЕЙЖІҢ. 2 сәуір. Короновирус эпидемиясының дүрбелеңі басылғаннан кейін дауасыз қытайлар қайтадан жарғанат жеуге кісіріп кетті. Бұл туралы Daily Mail газеті хабарлады.

«Қытай тұрғындары коронавирус аяқталғаннан кейін жарғанаттарды тамақ ретінде пайдалануға қайта оралды», – деп жазды басылым.

Қазір қытай базарларында шаяндармен бірге, қанаттары екі жаққа керіліп қойылған жарғанат еттері құдды бір медициналық препараттар секілді сатылып жатыр.

Газет тілшісі Қытайдың оңтүстік-батысында орналасқан Гуйлиндегі үлкен ішкі рынокқа мыңдаған клиенттің қалай ағылып келіп жатқанын бақылап тұрыпты. Базар коронавирус кеселі бұрқ еткенге дейінгі бірнеше күн бұрынғы қалпына қайта келген: тот басып кеткен торлардағы үй құстары, сойылған аң-құстардың денеден бөлініп алынған ішек-қарындары, жерге жайылып ағып жатқан қаны сол кездегі көріністі қайта көз алдына әкеледі. Рыноктағы қастерлі тағамдардың қатарында ит пен мысықтың жаңа сойылған етінен жасалған дәстүрлі қысқы «қыздырғыш» ас түрлері болып отыр.

«Мұндағылар індеттің ізі кетті, енді оған көп алаңдай бермеу керек дес есептейді. Олар үшін бұл – өзгелердің басын ауыртатын мәселе», – деп атап өтеді репортер.

Сондай-ақ Қытайдың оңтүстігіндегі Дунгуанның осындай базары жайлы да хабар бар. Мұнда қаңтар айындағы ахуалдан бір ғана айырмашылық – рынокта күзет пайда болыпты. Олар тек сатушылардың жұмысын қадағалап, баспасөз қызметкерлерінің суретке түсірулеріне жол бермеу үшін тұрған сияқты.

Ғалымдардың болжамы бойынша, басында коронавирус инфекциясы Қытайдың Ухань қаласындағы ет базарында сатылып жатқан тап осы жарғанаттардан адамдарға жұққан көрінеді. Бұл қолы мен қанаты бір құстар өздерінің иммунды жүйесінің мықтылығы арқасында бір мезгілде бір жарым мың адамға тура өлім ұрығын себетін вирусты таратып үлгереді екен.

24 наурызда Қытай басшылығы Уханьдағы коронавирус індетін ауыздықтауға қол жетті деп жариялады. Ал қала 22 қаңтарда жабылған болатын.

Американың Джонс Хопкинс университетінің соңғы мәліметі бойынша, қазір 937 мың адам аталмыш вирусты жұқтырып алып отыр. Бұдан 47,2 мыңнан астам пациент қаза тапқан, 193,7 мың адам жазылып шыққан.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button