Ресейдің Харьков түбіндегі нәтижесіз шабуылдары жалғасып жатыр
КИЕВ. 18 мамыр. Ресей әскерлерінің Харьков түбіндегі шабуылдары бүгін жалғасты, бірақ басқыншылар ілгері жылжи алмады. Бұл туралы «Диалог.ua» ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
«РФ армиясы Харьков бағытында ілгері жылжу үшін екі рет талпыныс жасап көрді, бірақ олары нәтижесіз аяқталды», – делінген хабарламада.
Ресурстың атап өтуінше, Ресей қарулы күштерінің Харьков түбіндегі шабуылы, ыңғайына қарағанда, бұрынғы қарқынынан басыла бастаған сияқты. Оккупанттардың қозғалысы шекара белдеуінен – 5-10 шақырым шамасына келгендерінде тоқтатылды. Одан бері де бірнеше күн өтті. Бірақ басқыншы жау сол қалыптарына алға қарай жылжи алар емес. Басында украиндар адамдары шығындарына орынсыз жол бермеу мен снарядтарын үнемдеу мақсатында алғашқы шабуыл шебін өздері тастап шығып еді.
Украина Қорғаныс министрлігінің бас штабы 18 мамыр күнгі мәліметінде бүгін жаудың екі шабуылына тойтарыс берілгенін баяндады.
Ресей әскерлері украинның қорғаныс шебін бұзып өтуге әрекет жасауын жалғастырып жатыр. Тәуліктің алғашқы жартысында оккупанттар Украина Қарулы күштерінің Липцов және Волчанск бағыттарындағы позицияларына екі рет шабуыл ұйымдастырды.
Осы ұрыс қимылдарының нәтижесінде орыстар 19 адамы мен 10 техника бірлігінен айрылып қалды.
Әскерилер сондай-ақ РФ қарулы күштерінің жұма күні Харьков бағытында 200 солдатынан өлідей және тірідей айрылғанын атап көрсетті. УҚК сондай-ақ рашистердің 42-ге жуық техникасын жойып жіберген немесе бүліншілікке ұшыратқан.
Кескілескен шайқастар әлі жүріп жатыр.
Deep State ресурсы қазіргі мәурітте Ресей армиясының Харьков бағытында айтарлықтай жылжи қоймағанына назар аударды.
Қазір Украина Қарулы күштері қорғаныс шебін күшейтіп алды. Киев АҚШ-тың беретін қаруларын ала бастады. Украин дрондары өнікті жұмыс жасауда. Ұшқышсыз ұшақтар орыс оккупанттарының артқы шебін де ұдайы бақылауда ұстап тұр.
Бұдан алдын НАТО бас командованиесінің Еуропадағы өкілі, генерал Кристофер Каволи диктатор Путиннің Харьковке шабуылы сәтсіз аяқталатынын мәлімдеген еді.