25 Тамыз, 15:08
RAST.kz
USD USD 457.99 ₸
EUR EUR 534.15 ₸
RUB RUB 5.47 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

ЕЛТАҢБАДА ЕШ КЕМДІК ЖОҚ, КЕМЕЛДІК БАР

26 Сәуір 2024 22:25
- Көзқарас
ЕЛТАҢБАДА ЕШ КЕМДІК ЖОҚ, КЕМЕЛДІК БАР
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

Осыдан бір ай шамасы бұрын Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік Елтаңбаның жуырда өзгеретінін және оның жаңа нұсқасы байқау арқылы таңдалатынын айтып қалды. Әлеуметтік желідегі негізгі пікірлер Елтаңбаны өзгертудің мүлде қажетсіздігіне саяды.

1992 жылғы 4 маусымда «Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк рәмiздерi туралы» конституциялық заң күшi бар Жарлығымен Елтаңба, Ту және Әнұранымыз бекітілгені есте. Соның қарсаңында наурыз айында осы нормативтік құжат жобасын талқылауға байланысты Жоғарғы Кеңес органы «Халық Кеңесі» газетінде жарияланған менің мақаламда алғаш рет «Герб» – Елтаңба, «Гимн» – Әнұран баламасында қолданылған. Осы қазақшаланған балама терминдер көп ұзамай заң жобасынан орын алды. Сөйтіп, осы рәміздік атаулар қабылданған заң арқылы тілімізге сіңісті.

Біздің мемлекеттік рәміздеріміз шынымен де өте әдемі, орнықты, көкейге қонымды болатын. Тек Әнұранымыз ғана бірнеше рет өзгерістерге ұшырады. Республиканың қазіргі әнұраны 2006 жылғы 6 қаңтарда қабылданды. Сөзін Мұзафар Әлімбаев, Қадыр Мырза Әлі, Тұманбай Молдағалиев және ақын Жадыра Дәрібаева бірлесіп жазған «Жаралған намыстан қаһарман халықпыз» деп басталатын бұрынғы әнұран күшін жойды.

Оның орнына Шәмші Қалдаяқовтың Қазақстанның бейресми әнұраны атанған «Менің Қазақстаным» әні ресми Әнұранға айналды. Бірақ экс-президенттің қалауымен, бірқатар жағымпаздардың қолдауымен әнұран мәтініне аз-кем өзгерістер енгізілді. Міне, қазір сол өзгерістерді жойып, әннің бастапқы мәтінін ақын Жұмекен Нәжімеденов жазған бастапқы қалпына келтіретін кез жетті. Қазіргі Президент сол туралы айта жарасар еді. Ал сап сау, жан-жағы түзік, кемшіліктен ада, жобасын Жандарбек Мәлібеков пен Шот-Аман Уәлиханов сияқты әйгілі сәулетшілер жасаған Елтаңбамызды өзгертеміз деу қисынға келмейді. Қадалғанымыз бес жұлдыз болса ол 40-тан астам мемлекеттің елтаңбасында бар. Еліміздің он облысын су алып жатқанда басқа нәрсе таппағандай Елтаңбамызды өзгерту де күлкілі нәрсе.

Оның үстіне Елтаңбаны өзгерту бүкіл жер-жердегі мемлекеттік органдардағы, елшіліктердегі, әкімшіліктердегі, оқу орындарындағы, шекара бойындағы мемлекеттік елтаңбаларды, ресми мөрлерді, куәліктерді, төлқұжаттарды, паспорттарды, маңдайша мәтіндерді түгелдей өзгертуге соқтырады. Оған кететін миллиардтаған теңге қаражатқа одан гөрі су тасқынынан зардап шеккен мың адамға болса да баспана салып берсе сол артық емес пе?!

Мен жазушы-публицист ретінде, «Елтаңба», «Әнұран» балама терминдерінің авторы ретінде Елтаңбамызды өзгертуге қарсымын! Мемлекет Елтаңбамызды өзгерткенше халықтың малтыққан демократиялық құқықтарын қалпына келтірумен айналыссын!

Марат БӘЙДІЛДАҰЛЫ (ТОҚАШБАЕВ),

жазушы-публицист

АЛМАТЫ

Таңбалар: елтаңбаМарат Тоқашбаевөзгеріс

Ұқсас мақалалар

Президент басшылардың қызметке жақындарын алуларына тыйым салды
Жаңалықтар

Президент басшылардың қызметке жақындарын алуларына тыйым салды

13.06.2026
Ресейдегі WhatsApp қолданушыларды не күтіп тұр?
Жаңалықтар

Ресейдегі WhatsApp қолданушыларды не күтіп тұр?

19.07.2025
Премьер-Министр ауыз судың сапасына бақылауды күшейтуді тапсырды
Жаңалықтар

Премьер мемлекеттік елтаңбаның өзгеруіне қатысты мәлімдеме жасады

26.04.2024

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

  • «Көршінің қызы» керемет еді (видео)

  • Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

  • Денсаулық министрі жеке азаматтарды қабылдап, мәселелерін шешуге ықпал етті

  • Путиннің кедейлерге арналған соғысы байларды байыта түседі

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 457.99 ₸
EUR EUR 534.15 ₸
RUB RUB 5.47 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist