26 Тамыз, 01:08
RAST.kz
USD USD 458.48 ₸
EUR EUR 534.68 ₸
RUB RUB 5.43 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Қуандық Бишімбаев мен Бақытжан Байжановқа қатысты сот үкімі шықты

13 Мамыр 2024 19:42
- Жаңалықтар, Құқық
Қуандық Бишімбаев мен Бақытжан Байжановқа қатысты сот үкімі шықты
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

АСТАНА. 13 мамыр. Әйелін өлтірді деген айып тағылған экс-министр Қуандық Бишімбаев пен қылмысты жасырған Бақытжан Байжановқа қатысты сот үкімі шықты. Бұл туралы Tengrinews.kz ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Астана қаласының мамандандырылған ауданданаралық қылмыстық сотында бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Уәлиханұлы Бишімбаевқа қатысты сот процесі бүгін өзінің мәресіне жетіп, қылмыстық іске соңғы  нүкте қойды.

Қорытындыда азаматтық некедегі әйелі Салтанат Нүкенованы азаптап өлтірді деген айып тағылған Қуандық Бишімбаев кінәлі деп танылып, 24 жылға сотталды. Оның тағдырын алқабилер шешті.

«Нәтижесінде Бишімбаевты 24 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарылсын», – деді судья Айжан Құлбаева үкімді оқып.

Алқабилер Бақытжан Байжановты ағасы Қуандық Бишімбаевтың қылмысын жасырғаны үшін кінәлі деп тапты. Осыған байланысты сот Байжановты 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесті.

Соттың үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.

Еске сала кетейік, қайғылы оқиға 2023 жылғы 9 қарашада Астанада, бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Уәлиханұлы Бишімбаевтың жеке меншігіндегі «Bau» ресторанында орын алды. Онда әйелі Салтанат Амангелдіқызы Нүкеновамен бірге келіп, бір тәулікке жуық уақыт демалған экс-министр соңында жан төзгісіз қылмысқа барған. Ол жұбайын үздіксіз ұрып-соғып, өлім халіне дейін жеткізген. Таңертең ессіз жатқан әйелге тек кешке бір-ақ «жедел жәрдем» шақырған. Бұл кезде марқұмның әлдеқашан бақилық болып кеткені анықталады. Күдікті тек 11 қараша күні ғана қамауға алынды.

Арада бірнеше күн өткеннен кейін Бишімбаевтың туыс інісі әрі қарамағындағы қызметкері Бақытжан Байжанов қылмысты жасырды деген айыппен тұтқындалды.

Сот процесі барысында Бишімбаевтың анасы – Альмира Нұрлыбекованың активінде бірнеше компания бар екені, соның ішінде қылмыс жасалған ресторанның үстінен қарайтын орталық акцияларының денін ұстап отырғаны белгілі болды.

Ресейлік танымал психиатр Василий Шуров әйелін өлтірді деп айыпталған Бишімбаев пен марқұм Нүкенованың қарым-қатынасын талдап, сотталушыда кездесетін психопат пен абьюзер белгілерін атады.

Таңбалар: Бақытжан БайжановҚуандық Бишімбаевсот үкімі

Ұқсас мақалалар

Orda.kz сайтының бұрынғы бас редакторы Гүлнәр Бажкенова 8 жылға сотталды
Жаңалықтар

Orda.kz сайтының бұрынғы бас редакторы Гүлнәр Бажкенова 8 жылға сотталды

18.08.2026
Қызылордада магистральды газ құбыры басшысының орынбасары сотталды
Жаңалықтар

Қызылордада магистральды газ құбыры басшысының орынбасары сотталды

18.10.2024
Қуандық Бишімбаев жазасын Ақмола облысындағы колонияда өтейді
Жаңалықтар

Қуандық Бишімбаев жазасын Ақмола облысындағы колонияда өтейді

20.07.2024

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

  • «Көршінің қызы» керемет еді (видео)

  • Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

  • Денсаулық министрі жеке азаматтарды қабылдап, мәселелерін шешуге ықпал етті

  • Путиннің кедейлерге арналған соғысы байларды байыта түседі

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 458.48 ₸
EUR EUR 534.68 ₸
RUB RUB 5.43 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist