Ресейдің үш облысы реактивті снарядтар мен дрондар шабуылына ұшырады
МӘСКЕУ. 11 мамыр. Украина Қарулы күштері 11 мамырға қараған түні Белгород, Курск және Волгоград облыстарына шабуыл жасады. Бұл туралы The Moscow News ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
Украин тарапы Ресей қалаларына соққы беру үшін РСЗО RM-70 снарядтары мен ұшақ типті ұшқышсыз ұшатын аппараттарды пайдаланды.
Ресей қорғаныс министрлігі РФ әуе қорғанысы күштері Белгород облысының үстінен 21 реактивті снарядты, сондай-ақ Курск және Волгоград облыстарында7 дронды жойып жібергенін жария етті.
Белгород облысының губернаторы Вячеслав Гладков өз кезегінде шабуыл кезінде кемінде 8 адамның жарақат алып қалғанын, 40-тан астам үйге зақым келгенін баяндады.
Соққы сондай-ақ жау басып алған Луганск облысындағы Ровеньки қаласында орналасқан мұнай базасына да берілді. Нәтижесінде үш адам қаза тауып, сегіз адам госпитальге жатқызылды. Сонымен бірге бірқатар тұрғын үйлер, ауылшаруашылық техникалары мен жеке көліктер бүліншілікке ұшыраған.