25 Тамыз, 22:08
RAST.kz
USD USD 458.48 ₸
EUR EUR 534.68 ₸
RUB RUB 5.43 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Сотталушы Бишімбаевтың неге қауіпті қылмыскер деп танылғаны айтылды

13 Мамыр 2024 21:35
- Жаңалықтар, Қайнар
Сотталушы Бишімбаевтың неге қауіпті қылмыскер деп танылғаны айтылды
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

АСТАНА. 13 мамыр. Әйелін азаптап өлтірді деп айыпталған экс-министр Қуандық Бишімбаевтың неге қауіпті рецидивист деп танылып отырғаны баяндалды. Бұл туралы Nur.kz ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

«Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты іс бойынша сотталған Қуандық Бишімбаев неліктен қауіпті қылмыскер деп танылғаны сот отырысының қорытындысы бойынша өткен баспасөз мәслихатында түсіндірілді», – делінген хабардамады.

Журналистер сот процесінен кейін бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен кездескен үйлестіруші-судья Сейфулла Тасымбетовке: «Үкімге сәйкес, Қуандық Бишімбаевты қауіпті рецидивист деп атауға бола ма?» деген сұрақ қойды.

«Иә, қылмысты қайталауы мүмкін қылмыскер деп танылды, өйткені ол бұрын сотталған болып саналады, сондықтан қылмысты қайта жасау мүмкін», – деп жауап берді бұған сот өкілі.

13 мамырда Қуандық Бишімбаев 24 жылға бас бостандығынан айырылды, оның туыс інісі Бақытжан Байжановқа 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Сондай-ақ бүгін сотта Бишімбаевтың мүлкіне қатысты шешім шығарылды.

Қылмыстық кодекстің 110-бабы 2-бөлігі 1-тармағының санкциясында 4 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру көзделген. Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігі 5-тармағының санкциясында 15 жылдан 20 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Қылмыстық кодекстің 432-бабының санкциясында 6 жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделген. Сот Қылмыстық кодекстің 53-бабына сәйкес сотталушылар Бишімбаев пен Байжанов үшін кәмелетке толмаған балалардың болуын жеңілдететін мән-жайлар деп таныды.

Сот Қылмыстық кодекстің 14-бабының 2-бөлігінің 2-тармағының негізінде Бишімбаевтың қылмыстық жауаптылығы мен жазасын ауырлататын мән-жай ретінде қылмыстардың қауіпті қайталануын, сондай-ақ мас күйінде қылмыстық құқық бұзушылықты жасауын таныды.

Айыптау қорытындысына сәйкес, Байжановтың қылмыстық жауапкершілігі мен жазасын ауырлататын мән-жайлар анықталмаған. Жаза мөлшері туралы мәселені судья мен алқабилер Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 656-бабына сәйкес ашық дауыс беру арқылы көпшілік дауысты ескере отырып шешті.

Соттың үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Еске сала кетейік, қайғылы оқиға 2023 жылғы 9 қарашада Астанада, Қуандық  Бишімбаевтың жеке меншігіндегі «Bau» ресторанында орын алды. Онда әйелі Салтанат Нүкеновамен бірге келіп, бір тәулікке жуық уақыт демалған экс-министр соңында жан төзгісіз қылмысқа барған. Ол жұбайын үздіксіз ұрып-соғып, өлім халіне дейін жеткізген. Таңертең ессіз жатқан әйелге тек кешке бір-ақ «жедел жәрдем» шақырған. Бұл кезде марқұмның әлдеқашан бақилық болып кеткені анықталады. Күдікті тек 11 қараша күні ғана қамауға алынды.

12 қарашада Қуандық Бишімбаевты екі айға қамауда ұстауға шешім қабылданды. Сонымен бірге оның туыс інісі Бақытжан Байжанов қылмысты жасырды және қылмыс туралы хабарламады деген күдікпен ұсталды.

Қайғылы оқиға жайында президент Қасым-Жомарт Тоқаев пікір білдірді. Ол Нүкенованың өліміне қатысты істі ерекше бақылауда ұстауды тапсырды.

11-12 наурызда Астанада Салтанат Нүкенованы өлтірді деп айыпталған Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша алдын ала сот тыңдауы өтті. Сот залына журналистерді кіргізбеді, баспасөз өкілдері сот отырысын көрші бөлмеден теледидар арқылы бақылап отырды.

Алдын ала тыңдаудың бірінші күні прокурор Салтанат Нүкенова қаза болған күні не жағдай орын алғанын айтты. Бишімбаев тағылған айып түсінікті екенін, бірақ кінәсін мойындамайтынын мәлімдеді. Сондай-ақ ол істің алқабилердің қатысуымен қаралғанын қалайтынын жеткізді. Ал оның адвокаты заң бұзушылықтарды жою үшін істі прокурорға қайтаруды сұрады. Судья Айжан Құлбаева Бишімбаевтың адвокаттарының өтінішін қанағаттандырмады.

Дегенмен судья Бишімбаевтың сот отырысын алқабилердің қатысуымен өткізу туралы өтінішін қанағаттандырды. Осылайша, алқабилер іріктеліп, 27 наурызда Қуандық Бишімбаев пен оның туыс інісіне қатысты басты сот отырысы басталды.

Алайда Бишімбаев аса қатыгездікпен кісі өлтіру бабы бойынша кінәсін мойындамайтынын тағы да мәлімдеді.

Сонымен қатар сот тергеуі кезінде сот-медициналық сарапшы Тахир Халиманазаров сараптама қорытындысын оқып, Салтанаттың қалай көз жұмған болуы мүмкін екенін жеткізді. Одан бөлек, іске қатысты басқа да куәгерлерден жауап алынды.

29 сәуірде мемлекеттік айыптаушы Бақытжан Байжановтан қылмыс туралы хабарламады деген айыпты алып, тек қылмысты жасырды деген айыпты қалдыру туралы сотқа өтініш берді. Ал 2 мамырда судья Байжановтан қылмыс туралы хабарламады деген айыпты алып тастады.

6 мамырда сотта соңғы сөзін айтқан Қуандық Бишімбаев тағы да өзінің Салтанат Нүкенованың қазасы үшін кінәлі екенін мойындағанымен, марқұмды әдейі, қасақана, жоспарлы жағдайда өлтірмегенін мәлімдеді. Ол өз сөзінде сонымен қатарНүкенованың туыстарынан кешірім сұрады.

Соңғы сөзін айтқан Бақытжан Байжанов та марқұмның жақындарынан кешірім өтінді.

Таңбалар: Бақытжан БайжановҚуандық Бишімбаевсот үкімі

Ұқсас мақалалар

Orda.kz сайтының бұрынғы бас редакторы Гүлнәр Бажкенова 8 жылға сотталды
Жаңалықтар

Orda.kz сайтының бұрынғы бас редакторы Гүлнәр Бажкенова 8 жылға сотталды

18.08.2026
Қызылордада магистральды газ құбыры басшысының орынбасары сотталды
Жаңалықтар

Қызылордада магистральды газ құбыры басшысының орынбасары сотталды

18.10.2024
Қуандық Бишімбаев жазасын Ақмола облысындағы колонияда өтейді
Жаңалықтар

Қуандық Бишімбаев жазасын Ақмола облысындағы колонияда өтейді

20.07.2024

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

  • «Көршінің қызы» керемет еді (видео)

  • Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

  • Денсаулық министрі жеке азаматтарды қабылдап, мәселелерін шешуге ықпал етті

  • Путиннің кедейлерге арналған соғысы байларды байыта түседі

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 458.48 ₸
EUR EUR 534.68 ₸
RUB RUB 5.43 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist