Украинның ұшқышсыз ұшақтары Туапседегі мұнай зауытына шабуыл жасады
МӘСКЕУ. 17 мамыр. Бүгін таңертең Украина Қарулы күштерінің дрондары Ресейдің Туапсе қаласындағы мұнай зауытының тас-талқанын шығарды. Бұл туралы «ВЧК-ОГПУ» ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
Осыған байланысты көп ұзамай әлеуметтік желіде өртке оранған зауыт түсірілген видеолар қаптап кетті.
«17 мамыр күні таңерте ертемен ұшқышсыз ұшақтар Туапсе мұнай зауытына шабуыл жасады», – делінген хабарламада.
Туапсе – Краснодар өлкесінің қаласы, Қара теңіз жағасындағы ірі портты шаһар. Ежелші Кубань жерінің етегіндегі бұл кент бағзыдан адыгейлердің қаласы болып есептеледі. Адыгтердің (адыгей, черкес, кабарды) «туапсы» деген сөзі «екі өзеннің арасы» деген мағынан береді.
Ал «кубань» атау «құман» тайпасының атынан шыққан. Бұл аймақ бір замандары құмандар (қыпшақтар) мекені болған. Атақты қыпшақ ханы Аспарух Балқан аумағына осы жерден кеткен.
Туапсе – Краснодар өлкесінің қаласы, Қара теңіз жағасындағы ірі портты шаһар. Ол адыгейлердің мекені болып есептеледі. Адыгтердің (адыгей, черкес, кабарды) «туапсы» деген сөзі «екі өзеннің арасы» деген мағынаны береді.
Революцияға дейін Краснодар өлкесінде украиндар көптеп тұрған. 1918 жылы мұнда «Кубань республикасы» құрылған. Ол 1938 жылы Ресейдің құрамына берілген. Қазір де өлкедегі халықтың 51 пайыздан астамын украиндар құрайды. Бірақ оларды орыстандыру саясаты көптен бері күштеп жүргізіліп жатыр.
Туапсе тұрғындары бүгін таңертең беспилотниктердің даусын естіген. Алғашқы жарылыс жергілікті сағат 5:55-те естілген.
Өлке басшылығы әдеттегідей жауырды жаба тоқып отыр. Олар соққыдан адам шығыны болмағанын айтады.
Бүгін таңертең ерте осындай шабуыл Новороссийск қаласына да жасалды.