23 Қазан, 12:10
RAST.kz
USD USD 447.94 ₸
EUR EUR 502.32 ₸
RUB RUB 5.52 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Әлемде карантин тәртібін бұзғандар қандай жаза алады?

30 Наурыз 2020 17:40
- Жаңалықтар, Құқық
Әлемде карантин тәртібін бұзғандар қандай жаза алады?
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

Қазақстанда карантин тәртібін бұзған адам 10 ең төменгі жалақы көлемінде – 26,5 мың теңге айыпқа тартылады немесе 15 тәулікке қамауға алынады.

Ал басқа елдердегі жаза бұдан әлдеқайда қатқыл. Мысалы, Испанияда карантин тәртібін құлаққа ілмеген азаматқа 100 еуродан 30 мың еуроға дейін айыппұл салынады.

Германияда адамның жеке өзінің көше кезіп жүруіне рұқсат етілмейді. Оны тыңдамаған неміс азаматы 200-ден 5000 еуроға дейін айыпқа тартылады. Ал бұл оқиға қайталанған жағдайда 3700 еуро төлеп, жарты жыл түрмеде отырады.

Ұлыбританияда бұларға қарағанда, ымырашылық баршылық. Онда бірінші рет тәртіп бұзған кісі 60 фунт төлейтін болса, екінші жолында 120 фунт стерлингке түседі. Одан әрі қайталанса, тағы да екі есе көп ақша беріп тынады. Солай жалғасып кете береді.

Өзбекстанның Қылмыстық кодексінде карантин тәртібін бұзған адамды 10 жылға дейін соттайтын да бап бар.

Францияда айрықша мұқтаждық болмаған жағдайда көшеде бейсәубет жүруге рұқсат жоқ. Бұл елде тәртіп бұзған адам бірінші ретінде – 135 еуро төлеп құтылса, екінші ретінде 3700 еуро төлеумен бірге, Германиядағы сияқты, жарты жыл ағаш төсекке жатып, «быламық» ішіп қайтады.

Итальяндар карантин кезіндегі келеңсіздіктері үшін 400-ден 3000 еуроға дейін айыппұл төлейді. Инфекция жұқтырып алған науқас өзін өзі оқшаулауды білмесе, бір жылдан бес жылғса дейін «алысқа» аттанады.

Үндістанда карантин тәртібін бұзған жүргіншілер мен жүргізушілерді полицейлердің көшеде ұстаған бойда таяқпен сабай бастайтынын күнделікті келіп жатқан видеороликтен көріп жүрміз. Мұнда шынында да солай екен. Бұл елдің кейбір штаттарында мұның орнына ақшалай айып салу да, үш жылға дейін түрмеге отырғызу да бар.

АҚШ-та федералды заң жоқ. Заң әр штат үшін әртүрлі. Сондықтан федералды карантин де болмайды. Бірақ 27 штатта азаматтардың айрықша бір себепсіз көшеге шығуларына тыйым салынған. Сонымен бірге Еуропа одағы елдерінен, Ираннан және Қытайдан келген азаматтар бірден тексерілуден өтулері тиіс. Бас тартқан жағдайда 100 мың доллар көлемінде айыппұл төлейді немесе бір жыл зонада отырып келеді.

Жазаның ең қаталы – Қытайда. Егер коронавирус жұқтырып алған адам оны біле тұра, көше кезіп жүрер болса, қолданылатын бір ғана жаза бар, ол – өлім. Ұзатпай атып тастайды. Сол сияқты науқас адам одан емделуден бас тартса, түрмеде отыруға нақты жаза алады. Оның ақыры өмір бойы отыруға дейін баруы да мүмкін.

Жалпы алғанда, біздің елдегі жазаның жайы, мыналармен салыстырғанда, бозда ойнап жүргендей. Ол көп адамға маса шаққан құрлы әсер етпейді. Егер соны тағы он есе көбейтер болса, сонда ғана жұрт ойлана бастар еді.

Таңбалар: карантин

Ұқсас мақалалар

Үрімшіде төрт күннен бері халықтың наразылық шеруі өтіп жатыр
Әлеумет

Үрімшіде төрт күннен бері халықтың наразылық шеруі өтіп жатыр

28.11.2022
Коронавирус дерегі Қармақшы мен Шиеліден де шықты
Жаңалықтар

Қызылорда облысында карантин шаралары күшейтілді

17.06.2020
Полицейлерге қоқыс лақтырғандар қамалды (видео)
Жаңалықтар

Полицейлерге қоқыс лақтырғандар қамалды (видео)

08.06.2020
Талқылауға қосылу үшін жүйеге кіріңіз

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

    Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

  • Жаңақорған ауданында Машбек Нәлібаевтың 100 жылдығына арналған турнир басталды

  • Дусматовтың жекпе-жегіндегі нокаут үшін «Гелендваген» тігіледі

  • АҚШ Конгресі Трамптың Путинмен дизель жөнінде келісімге келуіне тыйым салды

  • Нұрлыбек Нәлібаев Қызылорда облысында жол құрылысымен танысты

  • МҰРАТБЕК ТОҚТАҒАЗИН ЭВОЛЮЦИЯСЫ

  • Бірінші вице-премьер Қызылорда облысындағы құрылыс нысандарын аралады

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 447.94 ₸
EUR EUR 502.32 ₸
RUB RUB 5.52 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist