Жаңалықтар жаңғырығыҚоғам

Қызылорда облысында карантин шаралары күшейтілді

ҚЫЗЫЛОРДА. 17 маусым. Қызылорда облысының бас санитарлық дәрігері Әлия Әбдіқайымова кеше «Шектеу және карантиндік шараларды күшейту» туралы қаулы қабылдады. Бұл туралы rast.kz хабарлады.

Аймақтың бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің № 15 қаулысы төмендегідей мәселелерді қозғайды:

1) Көпшілік іс-шаралар (мерекелік, спорт-көпшілік, ойын-сауық мәдени-көпшілік іс-шараларын, конференциялар, семинарлар, көрмелер және т. б.) өткізуге тыйым салынады;
2) Ұжымдық, отбасылық (туған күн, үйлену тойы, құдалық, басқа да дәстүр мен әдет-ғұрып шаралары т.б.) барлық жиындарға тыйым салу жалғастырылады;
3) Медициналық ұйымдарда, қарттар мен мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған медициналық-әлеуметтік объектілерде, сәбилер үйлерінде, балалар үйлерінде, бейімдеу және әлеуметтік оңалту орталықтарында, мүгедек балаларға арналған, интернат типіндегі оқу орындарында карантинді және санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтауды қамтамасыз етіледі (пациенттердің палаталар немесе бөлмелер арасында және қызметкерлердің бөлімшелер арасында жүруіне, келушілер мен сырттан тамақ қабылдануына тыйым салынады);
4) Мемлекеттік органдар (ұйымдар), ұлттық компаниялар, басқа да кеңселер қызметі мамандарының кемінде 80%-ын қашықтықтан жұмыс істеу нысанында қалдырылуы (штат кестесінде 30-дан астам қызметкер болғанда) қамтамасыз етіледі;
5) Білім беру орталықтарының, үйірмелердің, қосымша білім беру орталықтарының (репетиторлық, тілдік) жұмыс тәртібі сағат 10.00-ден 16.00-ге дейін шектеледі;
6) Жекелеген тұрғындардың құран бағыштауын қоспағанда, мешіттерде жұма намазын өткізуді, діни үйлерде дәстүрлік шаралар (ас беру және т.б.) өткізуге тыйым салынады;
7) Бала-бақшалардың кезекші топтарын қоспағанда (1 балаға 4 шаршы метрді құрайтын), меншік нысанына қарамаста,н барлық бала-бақшалардың жұмысы тоқтатылады;
8) Меншік нысанына қарамастан, барлық балаларға арналған жазғы тынығу, сауықтыру және мектеп жанындағы күндізгі лагерьлердің, үй-жайлардағы балалар ойын алаңдарының, кинотеатрлар, түнгі клубтар, футкордтар және тәуліктік пәтерлер мен үйлерді жалға беру-алу қызметтеріне тыйым салынады;
9) Күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режиммен санаторлы-курорттық нысандардын жұмысы жалғастырылады;
10) Оқушылардың және мектеп жасына дейінгі балалардың экскурсиясына тыйым салынады;
11) Кальянды пайдалануға тыйым салынады;
12) Компьютерлік және интернет, бильярд клубтар, букмекерлік және лото – кеңселердің жұмысы (келушілер мен қызметкерлерін қосқанда), бір адамға кемінде 4 шаршы метр құрайтын көлемін сақтай отырып, сағат 10.00-ден 20.00-ге дейін шектеледі;
13) Жәрмеңкелердің, азық-түлік емес тауарлар, киім-кешек базарлары мен сауда орындарының жұмысы сағат 08.00-ден 17.00-ге дейін шектеледі;
14) Онлайн форматта қызмет көрсету мүмкін болмаған жағдайда, халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс уақыты сағат 09.00-ден 17.00-ге дейін шектеледі;
15) Барлық меншік нысанындағы спорт объектілерінің (фитнес клубтар, тренажер залдары, спорт кешендері) жұмыс уақыты сағат 10.00-ден 20.00-ге дейін шектеледі;
16) Демалыс парктерде барлық аттракциондар, ойын орындары, кассалар мен кәсіпкерлік нысандар кезектерінде шоғырландыруды болдырмай, әлеуметтік қашықтықты кеміне 1,5 метр сақтай отырып жұмыстары сағат 10.00-ден 22.00-ге дейін шектеледі;
17) Облыс, аудан орталықтарындағы қоғамдық көліктің жұмысы сағат 07.00-ден 22.00-ге дейін шектеледі, бұл ретте жолаушылар саны көліктегі орындық санынан аспауы тиіс;
18) Такси қызметтері санитариялық-эпидемиологиялық, санитариялық-дезинфекциялық ережелер алгоритмдерін сақтай отырып 2 ересек адамға дейін немесе бір ересек адам екі кәмелетке толмаған баланы алып жүруі талаптарын сақтай отырып жұмысы сағат 07.00-ден 22.00-ге дейін шектеледі;
19) Штаттық режимде жұмыс жасайтын дәріханаларды қоспағанда,
азық-түлік гипермаркеттері, оптомаркеттер, супермаркеттер, минимаркеттер, дүкендер, бірінші кезекте қажетті тауарлар (шаруашылық және гигиеналық тауарлар) саудасы жұмысы сағат 10.00-ден 22.00-ге дейін шектеледі;
20) Көрші үстелдердің шеткі орындары арасында кемінде 2 метр әлеуметтік қашықтықтың сақталуын және келушілер саны бір мезетте 30 адамнан асырмау талабымен, қоғамдық тамақтандыру объектілерінің жұмысы 11.00-ден 22.00-ге дейін шектеледі;
21) Көрші үстелдердің шеткі орындары арасында кемінде 2 метр әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, жазғы алаңы бар ашық ауада жұмыс істейтін қоғамдық тамақтандыру объектілерінің жұмысы жалғастырылады.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button