27 Тамыз, 00:08
RAST.kz
USD USD 458.87 ₸
EUR EUR 535.09 ₸
RUB RUB 5.42 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Қытай індетті зерттеудің алғашқы нәтижесін жариялады

29 Ақпан 2020 12:11
- Әлеумет, Жаңалықтар
Қытай індетті зерттеудің алғашқы нәтижесін жариялады
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

БЕЙЖІҢ. 29 ақпан. Қытай дәрігерлері кеше коронавирустан көз жұмған пациентті сойып, тексергеннен кейінгі алғашқы нәтижелерді жариялады. Бұл туралы naked-scitnce.ru хабарлады.

Медиктер 1 қаңтар күні инфрактпен ауруханаға түскен, арада апта өткенде Covid-19 вирусының алғашқы симптомдары байқалған, ал 14-ші күні нақты диагнозы қойылған Ухань қаласының 85 жастағы тұрғынын жан-жақты зерттеуден өткізді. Ол 28 қаңтар күні қайтыс болып кеткен. Оның өліміне «коронавирустың жаңа типін шақыратын пневмония» деген анықтама қойылды.

Операцияны Тунцзи университеті сот медицинасы кафедрасының профессоры, 30 жылдық өтілі бар патологоанатом Лю Лян басқарды. Бұл бұдан алдын SARS-CoV-2 вирусының ең әуелі өкпеге залал келтіретінін айтқан еді. Алайда, дәрігерлер аутопсиясыз оның неге бұлай болатынын түсіндіріп бере алмаған. Енді бірінші таратылған есепте олар енді Ухань қаласы қарт тұрғынының денесіндегі бұзылу процесі өкпеден басталғанын, оның альвеолярлық іріткісі болғанын атап көрсетті.

Дәрігерлер алдын ала болжағандай, SARS-CoV-2-нің патологиялық белгілері «SARS пен таяушығыстық респиратор синдромына (NERS) ұқсайды екен. Олардың бәрі бір семействодағы вирустарға жатады.

Сонымен бірге, өкпе фиброзы (тыныс жолдарын тарылтатын тыртықты ткань пайда болу процесі) дәл SARS сияқты қатерлі болмай шықты. Бірақ Covid-19-тен қайтыс болған кісі өкпесінің экссудативті қабынуы тереңірек көрінді. Оң жақ өкпенің плеврасында пайда болған айтарлықтай адгезия мұның нақты жұқпалы плевриттен күрделеніп кеткенін шамалауға мұрсат береді. Ал талақ, бүйрек, ішек, ми секілді басқа органдардың қалай бүлінетінін анықтау үшін зерттеуді бұдан әрі тереңдете жүргізуге тура келеді.

Сою операциясының басқа нәтижелері жайлы әзірге айтылып отырған жоқ.

«Біз «жаудың» қайда жатқанын, шабуыл жасау үшін қандай «қару» қолданатынын және оның күшін қандай тәсілдермен ауыздықтауға болатынын әзірге білмейміз. Патологоанатомиялық жұмыстар «барлауға» ұқсас. Патологоанатомиялық анатомияның және кезекті зерттеулердің арқасында адам организміндегі вирустың таралу деңгейін микроскоппен көретін боламыз. Мұнда «жаудың» әлсіз жағын табудан гөрі қандай органдардың, қандай тканьдер мен жасушалардың көбірек зардап шегетінін біліп алудың маңызы зор», – деп түсіндірді Лю Лян.

Профессор журналистердің індет тарағаннан кейін бір жарым ай уақыт өтіп кеткеннен кейін неге аутопсия жасалып жатқаны жөніндегі сұрағына мұның бәріне төрешілдік пен сөзбұйда кінәлі екенін айтып жауап қайтарды. Оның айтуынша, SARS-CoV-2-ден қайтыс болғандарды сойып көру жөніндегі ұсыныстарына Хубэй провинциясының билігі қолдау көрсетуге асыға қоймаған.

28 ақпандағы мәлімет бойынша, коронавирустан өлгендер саны кеше 2867 адамға жеткен. Жалпы, 84 мың адам осы кеселге ұшыраған. Науқас Антарктикадан басқа құрлықтардың бәріне шарпып, әлемнің 48 елінде тіркеліп отыр.

Таңбалар: коронавирус (covid-19)Ухань

Ұқсас мақалалар

Қан тобының коронавируспен күресте өз әсері бар екен
Жаңалықтар

Қан тобының коронавируспен күресте өз әсері бар екен

04.03.2021
Ағзадағы ковидті 5 минутта жоятын сусындар табылды
Жаңалықтар

Ағзадағы ковидті 5 минутта жоятын сусындар табылды

15.11.2020
Коронавирус індетін өзгелерден бұрын жеңетін елдің аты аталды
Жаңалықтар

Коронавирус індетін өзгелерден бұрын жеңетін елдің аты аталды

30.10.2020
Талқылауға қосылу үшін жүйеге кіріңіз

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

  • «Көршінің қызы» керемет еді (видео)

  • Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

  • Қалп хабар таратып, полицейлерді қараламақ болған қызылордалық қыз жаза алды

  • Денсаулық министрі жеке азаматтарды қабылдап, мәселелерін шешуге ықпал етті

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 458.87 ₸
EUR EUR 535.09 ₸
RUB RUB 5.42 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist