АҚШ-та жаңа гипердыбысты ракета көрсетілді
ВАШИНГТОН. 29 ақпан. Америкалықтар жаңа гипердыбысты «Long Range Hypersonic Weapon» қару жүйесінің моделін көрсетті. Бұл туралы Defence Blog басылымы жазды.
Аталмыш ракета келешек АҚШ Жаяу әскерлері арсеналының бір бөлігі болуға тиіс.
Көрсетілім 27 ақпан күні болды. Онда жаңа жүйенің жай-күйі, артықшылығы мен тиімділігі жан-жақты айтылды.
Мұның алдында гипердыбысты LRHW кешені үшін керекті ату қондырғысның кескіні көрсетілген еді. Одан да алдын «Lockheed Martin» компаниясы жаңа жүйенің үлгісін жасау үшін 347 млн доллардың келісім-шартына отырған болатын.
Ашық мәнбелер мәліметіне қарағанда, әңгіме жер бетіндегі орта қашықтықтағы қатты отынды универсалды баллистикалық ракета жөнінде болып отыр.
Ресей жағы мұндай қаруға оншалықты алаңдай қоймайтынын білдіріп үлгерді. Бұл тарап сағатына 12 мың шақырымнан астам жылдамдықпен ұшатын «Кинжал» және «Циркон» ракеталары бар екенін алға тартады.