Саудия Қазақстанды вирус қаупі күшті елге жатқызды
ЭР-РИЯД. 28 ақпан. Сауд Арабиясының туризм министрлігі коронавирус қаупі күшті жеті елдің қатарында Қазақстанды да атады. Бұл туралы РИА «Новости» хабарлады.
Саудияның SPA агенттігінің мәліметінше, елде коронавирус індетінің тарауының алдын алу мақсатында Қытай, Жапония, Сингапур, Корея, Малайзия, Италия және Қазақстан дәулеттерінің азаматтары үшін электронды туристік виза беру тоқтатылады.
«Аталған елдердің азаматтары сондай-ақ Саудия ажропортына ұшып келу үшін туристік визалар ала алмайды», – делінген агенттік хабарламасында.
Сонымен бірге, бұл елдерде алдын туристік визалар алып қойғандар да олар бойынша Сауд Арабиясына келе алмайды.
Корольдіктің билігі мұның бәрін «уақытша шара» деп есептеп отыр.
Саудия Арабиясы бірқатар елдердің азаматтарына Мекке мен Мәдинаға қажылық сапармен келуге рұқсат етпей отыр.
Алайда, Қазақстанда әзірге бұл вирустың тарағаны жөнінде ешқандай дерек тіркелген жоқ.