ӘлеуметЖаңалықтар жаңғырығы

Ойнақтаған Путин «от басты»: НАТО қуатын күшейтуге қатты кірісті

ВИЛЬНЮС. 12 шілде. НАТО елдері Ресей тарапынан болуы ықтимал қатерге жауап ретінде қорғанысты күшейтудің 4000 беттен тұратын кең ауқымды жоспарын құрды. Бұл туралы The Economist басылымы дерегіне сүйенген rast.kz хабарлайды.

Солтүстік альянс елдері қырғи-қабақ соғыс жылдарынан бері бірінші рет жаппай қарулану шараларын қайта қолға алатын болып отыр. Бұған РФ диктаторы Владимир Путиннің Украинаға басып кіргелі бері Батыс елдеріне қайта-қайта тактикалық ядро қаруын қолдануға қатысты қоқан-лоққы жасай бергені бірден-бір себеп болды. Оның «әңгір таяғына» шыдамай кеткен альянс елдері осыған байланысты нақты әрекеттер жасауға көшкелі жатыр.

Сөйтіп, НАТО-ны дегеніне көндіріп, іркіп ұстауға тырысқан Кремль ақыр соңында өзінің бұл тырашынан оңбай ұтылып қалды. Вильнюсте өтіп жатқан саммитте альянс өзін қорғауға арналған 4000 беттік жаңа жоспарға қол қойды. Осының негізінде ұйымды алдағы он жылдың көлемінде жасала беретін барынша кең ауқымды өзгерістер күтіп тұр.

Құжаттың көп бөлігі құпия ұсталады. Алайда мүше-елдер олардың бірқатар тармақтарын ашып айтты. Бұларда қарастырылған жайттардың барлығы да Мәскеуге ұнай қоймайды.

The Economist басылымы НАТО-ның жаңа жоспарын «қырғи-қабақ соғыс уақытынан бергі ең ауқымды құжат» деп атады. Онда қазіргі заманғы ең басты қатер – Ресей мен терроризмге қарсы жауап қарастырылған.

Жаңа стратегия Солтүстік альянстың қауіп-қатерлерге қарсы тұру ниетін білдіретін үш бағыт айқындалып көрсетілген. Бұл бағыттарды Атлантика мен Еуропа Арктикасын қамтитын «Солтүстік», Орталық Еуропа пен Балтық елдерін қамтитын «Орталық», сондай-ақ Қара теңіз бен Жерорта теңізі ауданын қамтитын «Оңтүстік» деген шартты атаулар түзеді.

Жоспар қазіргі бар 40 мыңдық жоғары дайындықты күшті құрғақтағы, теңіздегі және әуедегі 300 мың адамға дейін ұлғайтуды көздейді. Ал НАТО шекараларын қорғап тұратын тұрақты негіздегі әскер саны 100 мыңға жеткізіледі, ал қалған 200 мыңы қатер туған аймақтарға тұрақты орын тебеді. Сондай-ақ әскери техникалардың басым бөлігі НАТО-ның Ресеймен шектесетін елдеріне тасталатынына да келісім жасалды. Әңгіме негізінен ПВО мен авиация жайында болып отыр.

Жоспар сонымен қатар, НАТО-ның артиллериялық компонентін ұлғайтуды көздейді.

Құжатта НАТО-ның мынадай бес басыңқы жақтары атап көрсетілген:

– негізін ауыр бронды бригадалар құрайтын жаяу әскерлер бөлімдері;

– әуе шабуылына қарсы және ракета қорғанысына қарсы, соның ішінде майдан шебінде артиллерия және ракета қондырғыларын күшейту;

– майданда жақсы қорғалған байланыс;

– материальдық-техникалық қамтамасыз ету.

НАТО-ға мүше елдер барлық жағдайға жауап қайтара алуды қамтамасыз ету үшін өзінің әскери-қорғаныс өнеркәсібін жетілдіре түсуге келісті. Бұл үшін олардың әрбірі жыл сайын өзінің жалпы ішкі өнімінің кемінде 2 пайызын қорғанысқа бөліп отырады.

Тұтастай алғанда, аталмыш жоспарды диктатор Путинің орасан зор жеңіліске ұшырауы деп есептеуге болады. Ол 2022 жылғы ақпанда Украинаға қарсы кең ауқымды агрессиялық соғысын бастауға басты себептердің бірі ретінде НАТО-ның шекара аумағын кеңейтуін де атап өтіп еді. Ақыр соңында РФ басшысы «тоқал ешкі мүйіз сұраймын деп, басынан айырылыпының» керін киіп, бәрін керісінше келтіріп алды, альянс содан кейін қайта бұрынғыдан бетер ұлғая бастады, қазір оның құрамына бұрынғы бейтарап ел – Финляндия кіріп алса, Швецияның кіруіне тым көп қалған жоқ. ал оның арғы жағында (соғыс аяқталғасын) Украинаның да сол ортадан табылатыны айдан анық. Бұл, әрине, импершіл Путиннің күйрей жеңілуі еді.

Суретте: фашист Путин Мәскеудегі Лужники стадионында өзінің құлақкесті отандастарын соғысқа шақырып жатыр

 

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button