Жаңалықтар жаңғырығыТіршілік

Путин экономист Белоусовты Қорғаныс министрі лауазымына ұсынып отыр

МӘСКЕУ. 13 мамыр. Ресей президенті Владимир Путин экономист Андрей Белоусовты қорғаныс министрлігіне ұсынды. Бұл туралы The Moscow News ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

«Ресей президенті Владимир Путин бұрынғы бірінші премьер-министр Андрей Белоусовтың кандидатурасын қорғаныс министрі лауазымына ұсынды», – делінген хабарламада.

Айта кету керек, Белоусов мамандығы бойынша – экономист.

Путин сонымен бірге қорғаныс министрі Сергей Шойгуды РФ қауіпсіздік кеңесінің төрағасы етіп тағайындады. Бірақ Кремль әзірге қауіпсіздік кеңесін басқарып келген Николай Патрушевтің қайда баратынын хабарлаған жоқ.

Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песковтың айтуына қарағанда, соңғы кездері күштік блоктың, соның ішінде қорғаныс министрлігінің бюджеті 6,7 пайызға өскен.

«Қазір күштік құрылымның экономикасын еліміздің экономикасымен үйлестіре білудің, оның осы сәттегі динамикаға сәйкес келуін қамтамасыз етудің маңызы зор», – деді ол.

Путин сондай-ақ Сергей Лавровтың сыртқы істер министрі, Сергей Колокольцевті ішкі істеп министрі, ал Александр Куренковты төтенше жағлайлар министрі етіп тағайындауды ұсынып отыр.

«Белоусовты қорғаныс министрі етіп тағайындаудың мәнісі оның ұзаққа созылатын соғысты жүргізуге қажетті ресурстарды іздестіруі керектігінде жатыр», – деді саясаттанушы Аббас Галямов осыған орай.

Тағы көрсету

Ұқсас мақалалар

Back to top button