Таным

АУҒАНСТАН ХАЛҚЫНЫҢ ҚАРУСЫЗ ҚАРСЫЛАСЫ…

«Киіз кітаптан»

1979 жылы 12 желтоқсанда КОКП Орталық комитетінің Саяси бюросы «Ауған жеріне әскер кіргізу керек» деген шешім қабылдағаны кәрі тарихтан белгілі.

Ауғанстанда «әскери-интернационалдық борышын өтеу» деген жалған саяси ұранның құрбаны болған қаншама боздақ қыршынынан қиылды?!.

Тұп-тура осыдан (мамырда 30 жыл толады) 29 жыл бұрын кеңестік генералдар мен Ахмад Шах Масуд арасында «Ауған жерінен шығып бара жатқан әскердің ту сыртынан оқ атпау және жолына мина қоймау» туралы келісім-шарт жасасқан екен.

«Кеңес әскеріне оқ атып, жолын жармақ түгілі, сыртынан жаман сөз айтпаймыз. Тек қана қасиетті Ауған жерін тезірек босатсаңдар болды!» дей отырып, Ахмад Шах жігіттік сөзін берген дейді.

Алайда кеңес әскері тып-тыныш кетпей, жол бойында кездескен бейбіт ауылдар мен қауқарсыз қышлақтарды, қарусыз момын адамдарды бомба мен бораған оқтың астына алып, жол-жөнекей ылаң сала кеткен екен. Жеті жүзден аса бейбіт тұрғын қаза тауыпты…

Талай қасіретті бастан өткеріп, енді соғыс біте ме дегенде мынадай қанқасап қырғын, жазықсыз төгілген бейкүнә адамдардың қанын көре тұра, ауған әскері оқ атпастан, қару кезенбестен, соңғы рет сабыр қылып, еш қарсылық танытпаған көрінеді.

Бар болғаны – себепсіз оққа ұшқан шал-шауқан, қатын-баланың мәйіттерін кеңес әскерінің кетіп бара жатқан жолының жиегіне жатқызып, пәлен жылдан бері кімдерге қарсы соғысып, қару-жарақты нендей мақсатта қолданғандарын үнсіз ұғындырған деседі…

Қанат ЕСКЕНДІР

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button