18 Қазан, 18:10
RAST.kz
USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Bild: Ким Чен Ын Украинадағы соғысқа «жауынгер құлдарын» аттандырды

22 Қазан 2024 09:27
- Жаңалықтар, Тіршілік
Bild: Ким Чен Ын Украинадағы соғысқа «жауынгер құлдарын» аттандырды
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

ПХЕНЬЯН. 22 қазан. Немістің Bild газеті КХДР диктаторы Ким Чен Ын жолдастың Ресей тарапында Украинада соғысу үшін өзінің 1500 «жауынгер құлын» Донбассқа жібергенін жазды. Бұл туралы The Moscow News ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

«Солтүстік Корея, шамасы, Корей халық армиясы батыс округі арнайы бөлімшесінің «әлемдегі ең қатыгездердің» бірі саналатын жауынгерлерін Украинадағы соғысқа аттандырған сияқты», – деп жазды Bild Оңтүстік Корея барлауы қызметінің мәліметтеріне сүйене отырып.

Мәтбұғат шолушысы Петер Тиде бұл солдаттар толық ақпараттық бос кеңістікте, интернет дегеннің не екенін білмей, батыс баспасөз құралдары мен ұялы телефонға қолжетімсіз қалыпта тәрбиеленген «жауынгер құлдар» екендерін атап көрсетті. Олар бала жастарынан «НАТО әзірейілдерін» шексіз жек көру мен «сүйікті лидерге деген сүйіспеншілік» рухындағы идеологиялық өңдеулерден өткізілген.

Биылғы 5 қазан күні КХДР лидері Ким Чен Ын осы бөлімшеге арнайы барып қайтты. Жауынгерлер оның көз алдында өз қаруластарының үстеріне қойылған бетон плиталарды жұдырықтарымен және балғалармен жарып  тастады. Бұл жауынгерлер тобы кезінде Солтүстік Кореяның қазіргі көсемінің әкесі Ким Чен Ир жолдасты күзеткен екен.

Оңтүстік Кореяның NIS барлау бөлімінің ақпарынша, 8-13 қыркүйек аралығында Пхеньянға Сергей Шрйгу келіп қайтқанға дейін-ақ КХДР-дың 1500 әскери қызметкері Ресейге жеткізіліп қойылыпты. Бұған шекті жер серіктері РФ Тынық мұхит флотының төрт десанттық кемесі мен үш фрегатының Солтүстік Кореяның Чхонджин және Хамхын порттарынан шығып, Владивостокка келіп аялдағанын тіркеп қойған екен. Осыдан кейін Ресейдің Ан-124 көлік ұшақтарының Владивосток пен Пхеньян арасындағы рейсті жиілете түскені байқалған. Шамасы, корей сарбаздарын Ресей жеріне жеткізуге авиация да белсене пайдаланылған сияқты.

Қазір Хабаровск түбіндегі казармаларда солтүстіккореялық кемінде 400 жауынгер әскери дайындықтан өтіп жатқанға ұқсайды. Оларға ұлты бурят не саха деген бүркемемен Ресей паспорты мен арнайы құжаттар берілген. Мұны NIS айғақтап отыр.

Украина президенті Володимир Зеленьский 17 қазан күні КХДР офицерлерінің Донбасс жеріне келіп, Ресей әскерлерімен бірге дайындықтан өтіп жатқандарын мәлімдеді. Украина барлау қызметінің мәліметінше, Кремль майдандағы жеке құрамдар шығындары орнын толтыру және жаңа мобилизация толқынын жариялаудан қашу үшін Солтүстік Кореяның 10 мыңға дейінгі солдатын соғысқа салуды жоспарластырып отырғанын баяндады. Оңтүстік Корея барлауы да осындай жоспар бар екені жөнінде мәлімет таратты.

Таңбалар: КХДРсоғыссолдаттарУкраина

Ұқсас мақалалар

Лукашенка армияның соғысқа қаншалықты дайын екенін тексеруді бұйырды  
Жаңалықтар

Лукашенка армияның соғысқа қаншалықты дайын екенін тексеруді бұйырды  

12.09.2026
Мәскеу жақтан бір дабыл күтеді жұрт…
Жаңалықтар

Мәскеу жақтан бір дабыл күтеді жұрт…

05.09.2026
Германия Украинаға шабуыл жасау үшін қажетті қару-жарақтарды бере бастайды
Жаңалықтар

Германия Украинаға шабуыл жасау үшін қажетті қару-жарақтарды бере бастайды

05.09.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

    Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

  • Жаңақорған ауданында Машбек Нәлібаевтың 100 жылдығына арналған турнир басталды

  • Дусматовтың жекпе-жегіндегі нокаут үшін «Гелендваген» тігіледі

  • АҚШ Конгресі Трамптың Путинмен дизель жөнінде келісімге келуіне тыйым салды

  • Зеленський дизель жөнінде Путинді тыңдауды ұсынған Трампқа қатты айтты

  • Зеленськийдің Трампқа қатысты әрекеті ЕО басшыларын «естен тандырды» 

  • Зеленський Трамптың сөзіне еріп, Украинаны жауға бере салуға ықтияр емес

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist