Путин соғысудан қашқандарды 10 жылға дейін соттайтын жарлыққа қол қойды
МӘСКЕУ. 24 қыркүйек. Ресей президенті Владимир Путин әскер қатарына алынып, соғысқа барудан қашатын жастарды 10 жылға дейін соттайтын жарлық шығарды.. Бұл туралы ТАСС хабарлады.
Кремльдің қожайыны Қылмыстық кодекске «мобилизация», «соғыс жағдайы» және «соғыс уақыты» деген ұғымдарды енгізетін жарлыққа қол қойды. Құжат құқықтық ақпараттың ресми интернет-порталында жарияланды.
Жауапқа тартуға жататын жағдай туралы бапқа (ҚК 63-бабы, 1-бөлігі, «л» тармағы) «мобилизация немесе соғыс жағдайы, соғыс уақыты жағдайында әйтпесе қарулы қақтығыстар немесе ұрыс қимылдарын жүргізу кезінде» деген анықтамалар қосылған.
Бұдан басқа, енді Қылмыстық кодексте мародерлік пен өз еркімен тұтқынға түсу деген баптар бойынша жаза қарастырылған. Бұл үшін 10 жылдан 15 жылға дейін сотталуға болады. Сондай-ақ қорғаныс тапсырысы бойынша келісішарт шарттарын бұзушы да жазаланады. Бүгіннен бастап «мобилизация» және «соғыс жағдайы» кезеңінде бөлімді тастап кетуші 10 жылға дейін жаза алатын болады.