Димаштың Алматы стадионындағы концертіне 30 мың адам жиналды
АЛМАТЫ. 24 қыркүйек. Кеше Алматыдағы Орталық стадионда өткен Димаш Құдайбергеннің концертіне әлемнің әр түкпірінен 30 мыңнан астам адам жиналды. Бұл туралы Ratel.kz хабарлады.
Есімі әлемге әйгілі қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Алматыда бірінші рет Stranger бағдарламасымен жеке концертін берді. Концерт 30 мыңнан астам адам жинады. Тағы бір деректер бойынша, бұл сан 35 мыңға дейін жеткен.
Сүйікті әншілерінің өнері тамашалауға Ресейден, Норвегиядан, Чехиядан, Словениядан, Мексикадан, АҚШ-тан өз фанаттары келген. Димаш Құдайбергеннің баспасөз қызметінің дерегінше, әлемнің 68 елінен осындай 6 мыңнан аса көрермен бас қосқан.
Сондай-ақ 2,5 мың полицей Димаштың қауіпсіздігін қорғап жүрді. Тәртіп сақшылары концерт өтіп жатқан жерде де, оған қарасты барлық территорияларда да күзет қызметін атқарып жүрді.
Концерт басталардың алдында көрерменден стадион алдында Димаштың суреті салынған баннердің жанында суретке түсу мүмкіндігін алды. Ондай баннерлер бірнеше жерге қойылды. Соған қарамастан, олардың әрбірінде ұзын-шұбақ кезек қалыптасты.
Димаштың фанаттарының бірі – Сив Лакоу ханым осы концертке бола арнайы Норвегиядан ұшып келіпті. Оның айтуынша, Димаштың Норвегиядағы даңқы өте жоғары, сондықтан дүйсенбі күні өзімен бірге тағы 40 адам осы концертті көруге ұшып келген. Олар бәрі концертке дейін қаланың көрікті жерлерінде болыпты, Алматы облысының демалыс орындарына ат басын тірепті. Енді норвегиялықтар концерттен кейін Димаштың туған қаласы – Ақтөбе арнайы барып, содан кейін Астананы армансыз араламақшы екен.
– Мен Қазақстанға Димаштың ән салғанын көру үшін келдім. Димаштың шығармашылығынан орасан зор әсер алдым, ол жүрегімен айтады. Мен қазақ тілін түсінбеймін, бірақ оның айтып тұрғандарының бәрін түсінемін. Ол ерекше және қайталанбас дауысты әнші. Бұдан біраз жыл бұрын, 2017 жылы мен бірінші рет Димаштың әнін тыңдап едім, содан бері оның табынушысы болып келемін, – деді Сив Лакоу.
Әншінің алматылық жанкүйерлері Лидия мен Мәдина көп жылдардан бері Димаштың творчествосын бақылап келеді.
– Бұл жұлдыз қалай аспан көгінде көрінді, біз сол сәттен бастап оның табынушылары болып келеміз, яғни dears болып шыға келдік, себебі, оны байқамай қалу мүмкін емес еді. Мен оның Кремльд үш күн қатарынан жүрген бірінші концертінде болдым. Сонда оның әр елден келген табынушыларымен таныстық. Оның ең көп табынушылары – қытайлар, олар өздері жақсы көретін жарық жұлдызды жан-жақты қолдау үшін бәрін жасайды, – деді Лидия.
Димаш Құдайберген өнер көрсетуін тура сағат сегізде бастады. Концерт ультра қазіргі заманғы шоу түрінде өтті. Димаштың алаңға алғаш шығуы керемет әсерлі болып көрінді. Ол қазақтың ою-өрнектері салынған, «Алтын адамды» елестететін шапанмен шықты.
Әнші концертте 31 ән салды. Олардың арасында хитке айналып қойғандары да, сондай-ақ жаңадан шығарылғандары да бар еді. Димаш сонымен бірге халық ансамблінің демеу көрсетуімен қазақтың халық әні «Дайдидаый-ауды» айтты.
Әртіс сахнада ән салып қана қойған жоқ, сонымен қатар әртүрлі музыкалық аспаптарда керемет ойнап, зор шеберлігін көрсетті. Олардың арасында дауылпаз бен гитарадан бастап фортепианоға, қазақтың домбырасы мен басқа аспаптарына дейін болды.
Димаш жергілікті фанаттармен қазақ тілінде, ал шетелдіктермен ағылшын тілінде сөйлесіп жүрді.
Ол өз фанаттарын dears деп атайды.
Бұдан бұрын концерттің 150 минутқа есептелгені айтылған еді, бірақ ол нәтижесінде 4 сағатқа дейін созылды.