26 Тамыз, 22:08
RAST.kz
USD USD 458.87 ₸
EUR EUR 535.09 ₸
RUB RUB 5.42 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Шамасы, Қытайда мемлекеттік төңкеріс орын алған сияқты

24 Қыркүйек 2022 23:16
- Жаңалықтар, Жаһан
Шамасы, Қытайда мемлекеттік төңкеріс орын алған сияқты
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

БЕЙЖІҢ. 24 қыркүйек. ҚХР-дағы әлеуметтік желілердің хабарлаулары бойынша, Қытай билеушісі Си Цзиньпин үйқамаққа алынған көрінеді. Бұл туралы «Ридус» интернет-газеті хабарлады.

Интернет басылымның дерегінше, мұның өзі Қытай Коммунистік партиясының жоғарғы басшылығы оны Қытай халық азат етуші армиясының (ҚХАА) бас қолбасшысы лауазымынан шеттеткеннен кейін мүмкін болған.

Қытайдың интернет пайдаланушылары қазір Бейжің қаласының әскерилердің бақылауында тұрғанын растап отыр. Қытайдың News HighlandVision подкастының жазуынша, ҚХР-дың бұрынғы лидері Ху Цзиньтао мен бұрынғы премьер-министр Вэнь Цзибао Тұрақты комитеттің бұрынғы мүшесі Сун Пинді қазіргі лидер Сиді қызметтен шеттетуге көндірген секілді.

Басқа хабарламалар бойынша, 22 қыркүйекте Бейжіңге ҚХАА әскерлері әкелініп, Шанхай ынтымақтастық ұйымының (ШЫҰ) Самарқандта өткен жиынынан келген Сиді аэропортта тұтқынға алғанға ұқсайды.

Си 21 қыркүйекте Бейжіңде өткен ұлттық қорғаныс және әскери реформа жөніндегі семинарға қатыспаған, ол содан кейін ШЫҰ-дан асығыс елге оралған. Оның отырысқа қатыспауын тек екі нәрсемен ғана түсіндіруге болады: не денсаулық жағдайы мүмкіндік бермей қалса, не ҚХАА Әскери комиссиясында басшылық қызметінен айырылып қалса.

Сидің Өзбекстанға кеткені пайдаланылып, онсыз өткізілген семинарда ҚХАА қолбасшысы Лю Чжэньлимен сахна түбіндегі бірінші қатарда, топтың ортасында отырған Ли Цяомин төрағалық еткен.

Қазіргі кезде Бейжің әуежайындағы барлық рейстер тоқтатылған. Алайда, әлемнің жетекші агенттіктерінде болуы ықтимал төңкеріс жайлы ешқандай ақпарат жоқ.

Қытай жөніндегі мамандарда да әзірге болған жағдаят жөнінде нақты ақпарат айтылмай жатыр. Ресейді, Еуропаны және Азияны зерттеу жөніндегі орталық (CREAS) Chicago Council директоры Тереза Фэллон Twitter-ге: «Интернетте Қытайда әскери төңкеріс орын алғаны және Қытай Компартиясының ақсақалдары ҚХАА басшысы лауазымынан шеттеткеннен кейін Си Цзиньпиннің үйқамаққа алынғаны жайлы қауесет тарап жатыр. Қытайға келетін ұшақтар жаппай тоқтатылып тұр – бұл жай әскери жиын ба немесе осыған ұқсас тағы не?» деп жазды.

Қытайдың зерттеуші журналисі Дженифер Цзен бұған жауап ретінде әскери колонналар түсірілген видеоны жариялап, оның соңына былай деп жазды: «#PLA әскери техникасы Бейжіңге 22 қыркүйекте бағыт түзеді. Колонна – Бейжіңге жақын жердегі Хуанлай округінен Хэбэй провинциясындағы Чжанцзякоу қаласына дейінгі 80 шақырым қашықтықты алып жатты. Сонымен бірге, #CCP ақсақалдары ҚХАА басшысы орынтағынан алып тастағаннан кейін #XiJinping-нің қамауға алынғаны туралы қауесет тарай бастады».

Журналист өзінің YouTube-каналында бірнеше жоғары лауазымды шенеунік қамауға алынғаннан кейін қоғамдық қауіпсіздік министрі басшылары біріне КПК-ның түйінді съезіне аз уақыт қалған кезде үкім шығарылғаны туралы қауесет бар екенін хабарлады.

Қытай қорғаныс министрінің орынбасары Сунь Лицзюань «партияның бірлігіне елеулі залал келтіргені» үшін жұма күні өмірлік түрмеде отыру жазасына кесілді. Сот шенеунік жасаған қылмыстар тізімінде 646 миллион юань (91 млн доллар) көлемінде пара алғаны, қор нарығындағы айла-шарғылары және екі отты қаруды заңсыз иемденіп кеткені де бар екенін мәлімдеді.

Таңбалар: ҚытайтөңкерісШи Жиңпиң

Ұқсас мақалалар

Әлем Қытай мен Щиге АҚШ пен Трампқа қарағанда жылы қарай бастады
Әлеумет

Әлем Қытай мен Щиге АҚШ пен Трампқа қарағанда жылы қарай бастады

17.07.2026
Қытай Путиннің кетуіне, Ресейде билік ауысуына астыртын дайындала бастады
Әлеумет

Қытай Путиннің кетуіне, Ресейде билік ауысуына астыртын дайындала бастады

14.07.2026
Зерттеушілер: Қытай Ресейді соғыста ЖИ технологиясымен қамтамасыз етіп отыр
Жаңалықтар

Зерттеушілер: Қытай Ресейді соғыста ЖИ технологиясымен қамтамасыз етіп отыр

09.07.2026
Талқылауға қосылу үшін жүйеге кіріңіз

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

  • «Көршінің қызы» керемет еді (видео)

  • Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

  • Қалп хабар таратып, полицейлерді қараламақ болған қызылордалық қыз жаза алды

  • Денсаулық министрі жеке азаматтарды қабылдап, мәселелерін шешуге ықпал етті

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 458.87 ₸
EUR EUR 535.09 ₸
RUB RUB 5.42 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist