Жаңалықтар жаңғырығыОқиға
Қарағанды облысында танкке «Z» деген белгі салған адам ұсталды
ҚАРАҒАНДЫ. 29 шілде. Қарағанды облысындағы Саран қаласында тұғырдағы танкке «Z» деген символ жазған адам қолға түсті. Бұл туралы ҚазТАГ хабарлады.
«Паркте тұрған танкті шимайлаған адамның кім екені анықталып, 54 жастағы қала тұрғыны ұсталды. Қазіргі мезетте ҚР Әкімгершілік тәртіп бұзушылық Кодексінің 434-бабы бойынша оған қатысты әкімгершілік хаттамасы толтырылды. Материал шешім қабылдау үшін әкімгершілік сотына жіберіледі», – деп баяндады Қарағанды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Еске сала кетейік, кеше әлеуметтік желіде Саран қаласындағы танкте РФ-ның Украинадағы басқыншылық соғысының символы болып отырған «Z» белгісі салынып қойылғаны жайлы хабар тараған еді.