Қазақстан армиясын Ресейден қорғануға дайындай бастады – БАҚ
АСТАНА. 29 шілде. Қазақстан билігі Ресейдің Украинадағы соғысы салдарынан өз елінің қорғанысына 1 млрд долларға жуық қосымша ақша бөлді. Бұл туралы The Wall Street Journal хабарлады.
«Қазақстан Ресейдің Украинадағы әскери операциясы фонында қорғанысқа қосымша 1 млрд доллар ақша бөлді. Республика сондай-ақ Мәскеудің келесі геосаяси мақсаты болып кетуінен қауіптеніп, Қытаймен және НАТО-мен әріптестікті кеңейтуге шешім қабылдады», – делінген хабарламада.
The Wall Street Journal басылымы Қазақстан шенеуніктеріне сілтеме жасай отырып, республиканың биылғы жылы қорғаныс бюджетін қосымша 441 млрд теңгеге, яки 918 млн долларға ұлғайтып отырғанын жазды. Енді ол 2,6 млрд долларды құрайды. Бұл – 2021 жылмен салыстырғанда, 1,5 есе көп.
Қосымша қаржылар қорғаныс резервтерін нығайтуға бағытталады. Мәнбелердің ақпарынша, Қазақстан мұндай қадамға Украинадағы жағдайдан сабақ алғаннан барып отыр. Ел басшылығы осыған байланысты соғыс іс-қимылдары, кибершабуылдар, жалған ақпарлар ұштасып бірге жүретін «гибридтік майданға» дайын болу үшін армияда реформа жүргізу қажет деп есептейді.
«Оларда (Ресейде) шабуыл жасау үшін Украина, Шығыс Еуропа және сондай талай нәрсе бар кезде іс басқа. Ал Украина болмаса, не боларын ойлап көріңізші. Онда келесісі біз боламыз ба?» – деді қазақстандық шенеунік.
Осыған байланысты Қасым-Жомарт Тоқаев өзіне одақтастар іздеп жүр. Сәуірде ҚХР-дың қорғаныс министрі Вей Фэнхэ республикаға келіп, Қазақстан мен Қытайдың әскери ынтымақтастығын нығайту жөніндегі келісімге қол қойып кетті. Мамырда Тоқаев Анкараға барып, түрік беспилотниктерін бірлесе шығару жөнінде келісім жасасты. Енді «Байрактарлар» Қазақстандағы бірлескен кәсіпорында құрастырылады.
Қытай және Түркия тараптарынан қолдау алғаннан кейін Тоқаев маусымда Петербургтегі экономикалық форумда ДХР мен ЛХР-ды мойындамайтынын мәлімдеді. Ресей бұған жауап ретінде Қазақстан мұнайын Новороссийск порты арқылы Еуропаға экспорттауды тоқтатты. Сол кезде Қазақстан өзінің кеден бекеттері арқылы өтетін параллель импортты бұғаттап тастайтынын мәлімдеді. Осыдан кейін Ресей қазақ мұнайын экспорттауды қайта қалпына келтірілді.
Батыс санкциялары іс жүзінде Қазақстанның Ресей арқылы жүргізілетін барлық саудасын тоқтатып тастады. Бұл енді Астананы Каспий теңізі, Әзербайжан мен Грузия арқылы айналмалы жол табуға мәжбүрлейді.
ТМД елдері институты Орта Азия және Қазақстан бөлімінің басшысы Андрей Грозиннің айтуынша, Украинада әскери операция басталғалы бері америкалық шенеуніктер мен дипломаттар Қазақстанға келулерін жиілете түскен. АҚШ мемлекеттік хатшысының орынбасары Дональд Лу мен Эрик Курилла Астананы батыстың санкцияларына қолдау көрсетуге шақырды. Бұдан Кремльдегі шенеуніктердің «көздері тас төбелеріне шығып кете жаздады» – егер Қазақстан Ресеймен жаулық қарым-қатынасқа барса, бұл Мәскеу үшін Украинадан да әлдеқайда зор проблема болар еді.
«Капитал страны» материалдары бойынша
26.07.2022
Түпнұсқасы:
Казахстан начал готовить армию для защиты от России – детали
Казахстан на фоне военной операции России на Украине выделил дополнительно почти 1 млрд долларов на оборону. Также республика решила расширить сотрудничество с Китаем и НАТО из-за опасений, что она станет следующей геополитической целью Москвы.
Об этом пишет The Wall Street Journal со ссылкой на казахстанских чиновников. В этом году Казахстан увеличил оборонный бюджет дополнительно на 441 млрд тенге, или на 918 млн долларов. Теперь он составляет более 2,6 млрд долларов – в 1,5 раза больше, чем в 2021 году.
Дополнительные средства будут направлены на укрепление оборонных резервов. По словам источников, Казахстан извлек урок из ситуации с Украиной, и считает необходимым реформировать армию, чтобы она была подготовлена к «гибридной войне» с боевыми действиями, кибератаками и дезинформацией.
«Одно дело, когда у них (России) есть Украина, Восточная Европа и множество других, чтобы нападать. А представьте, если бы Украины не было? Тогда мы были бы следующими?» – говорит казахстанский чиновник.
В этой связи президент Касым Жомарт-Токаев ищет союзников. В апреле министр обороны КНР Вей Фэнхэ приехал в республику и заключил соглашение об укреплении военного сотрудничества Казахстана и Китая. В мае Токаев прибыл в Анкару, где подписал соглашение о производстве турецких беспилотников. «Байрактары» будут выпускаться на совместном предприятии в Казахстане.
Именно после получения поддержки со стороны Китая и Турции Токаев в июне на Петербургском экономическом форуме заявил о непризнании ДНР и ЛНР. В ответ Россия приостановила экспорт казахстанской нефти через порт Новороссийска. На это Казахстан пригрозил заблокировать параллельный импорт через свои таможенные посты. Ситуация разрешилась возобновлением экспорта нефти.
Западные санкции практически остановили торговлю Казахстана с Европой через Россию. Это вынуждает Астану искать обходные пути через Каспийское море, Азербайджан и Грузию.
По словам руководителя отдела Средней Азии и Казахстана Института стран СНГ Андрея Грозина, после начала военной операции на Украине в Казахстан зачастили американские чиновники и дипломаты. Замгоссекретаря Дональд Лу и Эрик Курилла призывали Астану поддержать санкции западных стран. В Кремле у чиновников «глаза на лоб полезли» от этого – если Казахстан станет враждебным по отношению к России, то это станет еще большей проблемой, чем Украина.
По материалам «Капитал страны»
26.07.2022