Жаңалықтар жаңғырығыОқиға

РФ оккупанттары Угледар түбінде жоқ «Leopard»-ты «жойып» жіберді

КИЕВ. 11 наурыз. Ресей «пропагандасы» Украина Қарулы күштеріне батыстық тілеулестері берген «Leopard 2» танкісін «жойғандарын» жариялап жатыр. Бұл туралы украин ресурстарын сүзіп шыққан rast.kz хабарлайды.

Бірақ… орыс ойраншылары опат қылды делінген Угледар түбіне әлі бірде-бір шетелдік танк келіп үлгермепті. Сондықтан, әлбетте, мұнда немістің қазіргі заманғы үздіктердің бірі – «Leopard 2» танкісін олардың «жойып жіберулері» мүлде мүмкін емес.

«РФ оккупанттары Угледар түбінде әлі мұнда келмеген тағы бір «Leopard 2»-ні «атып түсіріпті», – деп мысқылдайды сол себепті украин журналистері.

Z-пропаганда әдеттегідей ресейліктерді фейктермен асырауды жалғастырып келеді. Дегенмен, олар бұл жолы тіпті бұрынғыдан бетер асып түсті. Әлі келмеген танкті «атып түсірген» насихатшылардың бұған айғақ ретінде ұсынған суреттерінде шын мәнінде қолына орыс жалауын ұстап алған Ливан әскери қызметкері тұр, ал оның арғы жағынан Израиль танкісі көрінеді.

Бұдан бұрын, ақпан айының соңында терроршы Пушилин Бахмут ауданында ресейліктерге қарсы соғысқа украин жағынан «Leopard 2» танкісі қатысып жатқанын желдей гуілдетіп еді. Әрине, ол кезде бұл тарапта неміс қаруының иісі де жоқ болатын. Рас, сол уақытта аталмыш танкілер Украинаға енді келіп жатқан, бірақ екпінді топ әлі құрыла қоймағандықтан, олар майдан даласына жіберілмеген.

РФ «пропагандистері» осындай жалған хабарды, яғни фейкті 1 наурыз күні де таратқан-ды. Онда танктің Бахмут ауданында жүргені айтылған. Өтірікшілер сол жолы 2006 жылы Германияда жаттығу жиынында жүрген танкінің рәсімін сала салыпты.

 

Ескерту!  

rast.kz сайтының кез келген материалын редакцияның арнайы рұқсатынсыз көшіріп алып жариялауға тыйым салынады. Плагиат жасаушы «Авторлық құқық туралы» Заңға сәйкес қудаланады.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button