Угледарға шабуылға шыққан Ресей танкілері түгелдей минаға ұрынды
КИЕВ. 14 ақпан. Донецк облысының Угледар елді мекеніне жаппай шабуылға көтерілген Ресей танктері миналы алқапта бірінен соң бірі жарылып кетті. Бұл туралы «Диалог. ua» хабарлады.
«Ресей армиясы Угледарға шабуыл кезінде орасан зор көлемде техника және адам күшін жоғалтуын жалғастырып келеді», – делінген хабарламада.
Оккупанттар шабуыл барысында украин әскерлері арнайы жасап кеткен миналы алқапта тағы көп қырғынға тап болды. Мұнда қарай жылжыған танкілердің бәрі бірінен кейін бірі отқа оранды.
Өткен тәулікте басқыншылар соғыстың барлық бағыттарында да айтарлықтай қырғынға ұшырады. Украина сарбаздары кеше тағы 740 ресейлікті жер жастандырды.
Сонымен, украин даласында соғыс басталғалы сүйектері шашылып қалған орктардың саны 139 080-ге жетті.
«Украинская правданың» хабарлауынша, бұдан бөлек, өткен жылдың 24 ақпанынан бері 3 286 танк, 6,5 мың бронды соғыс машинасы, 2 299 артиллериялық жүйе және 2 011 ұшқышсыз ұшақ қарап болған.