Оккупанттар Николаевты атқылады, бірақ түбі Украина жеңуге тиіс
КИЕВ. 29 шілде. Ресей оккупанттары түнде Николаев қаласын атқылады, бірақ таяу күндерде Украинаның соғыста толық бетбұрыс жасауға мүмкіндігі бар. Бұл туралы «Украинская правда» хабарлады.
Агрессорлар армиясы Николаев қаласындағы гуманитарлық көмек пунктін әдейі нысанаға алып, оны бірнеше рет дәл атқылаған. Осының салдарынан бір әйел жарақат алған.
Николаев қаласының мэрі Александр Сенкевич пен Николаев облыстық әскери әкімгершілігінің басшысы Виталий Ким басқыншылардың кезекті мәрте қалаға атқылаған зарптарының бірі сондай бейбіт тұрғындар мекендейтін жеке секторға барып түскенін баяндады.
Өткен тәулікте Ресей оккупанттары өздерінің 60 жауынгерінен өлідей айырылды.
The Washington Post газетінің жазуынша, Батыс аналитиктері сырттан берілген әскери көмектердің бәрі Украинаны айтарлықтай күшейтіп, оны оккупанттармен соғыста басым болуға жеткізуге тиіс. Ондай шақ тым қашық емес. Енді аз ғана күндерде Украина қарулы күштері тактикалық ұрыста дұшпандарын қайтарып, таразы басын өзіне қарай аудара бастауы тиіс.
«Украинада Ресейдің алға жылжуы толық дерлік тоқтады, себебі, жақында жеткізіп берілген батыс қару-жарақтары украин күштеріне артықшылықтар әперуде, олар соңғы уақыттары беріп қойған басымшылықтарын қайтарып алып, соғыста өзінің пайдасына қарай бетбұрыс жасайтын болады. Ресейліктер 2 шілдеде Лисичанскідегі айтарлықтай территориялық жеңістерінен кейін ешқандай табысқа жеткен жоқ», – деп жазды басылым.
Аналитиктер Украинаның Қырым көпірін атқылап, қирататын шағына да жақын қалғанын атап өтіп отыр.
Осы аралықта АҚШ Конгресінде Украинаға снаряды 280 шақырым қашықтыққа дейін жететін HIMARS дүркін отты реактивті жүйесін беру жөнінде мәселе көтеріліп жатыр. Конгреске демократтар атынан сайланған депутат Элисса Слоткин ATACMS ракеталарын беру мәселесінің шешіліп қалатынын айтты.
Кеше орыс әскерлері Пески елді мекені ауданында қарсыластарын шатастыру үшін Украина қарулы күштері әскерилерінің формаларын киіп алып, жорыққа аттанған. Бірақ бір-бірлерін ажыратып тұру үшін қолдары мен аяқтарына ақ шүберек байлап алған. Мұны британ барлауы тез анықтады.
Қазір Ресейдің сондай-ақ Чернобыльды оңай басып алу үшін онда 2021 жылдың қараша айында-ақ арнайы агенттерін жібергені белгілі болып отыр. Олар жергілікті шенеуніктерді сатып алып, бұл жерлерді қантөгіссіз, бейбіт жолмен басып алуға негіз дайындауға тиіс болған.