Молдованың Путинге жақтас бұрынғы президенті қамауға алынды
КИШИНЕВ. 26 мамыр. Бұрнағы күні Молдова байтағында елдің бүйрегі орысқа бұрып тұратын бұрынғы президенті Игорь Додон қамауға алынды. Бұл туралы Deschide хабарлады.
«Молдовада елдің бұрынғы президенті, Ресейге бүйрегі бұрып тұратын саясаткер Игорь Додон мұның алдында жемқорлыққа байланысты қозғалған қылмыстық іс бойынша қамалды», – делінген хабарламада.
Әзірге Додон 72 сағатқа тұтқынға алынып отыр. Онымен бірге құдасы Петру Мериняну да қапасқа жабылды.
Бұған қадар құқық қорғау органдары шүбәліге қатысты бірнеше мәнзіл бойынша тінту жүргізген еді. Олардың арасында Додонның тұрып жатқан үйі мен «Молдова-Ресей іскерлік одағы» ассоциациясының штаб-пәтері де бар.
Тінту пассивті жемқорлық туралы, қылмыстық ұйымдар арқылы саяси партияны қаржыландыру, мемлекетке опасыздық жасау және заңсыз баю баптарында қарастырылған қылмыстарға күдік білдіру бойынша көтерілген қылмыстық істің шеберінде жүргізілді.
Игорь Додон ұсталып жатқанда, өзінің шетелге (Ресейге) кетіп қалу қаперінде болмағанын айтып жатты.
Ол уақытша ұстау оқшаулағышында отырып, өзіне билік басындағылар туралы ешқандай әшкере сөз айтпау керектігі ескертілгенін мәлімдеді.
Игорь Додан Молдованы 2016-2020 жылдар аралығында бір кезектік мерзімде президент болып басқарды.