Жаңалықтар жаңғырығыҚайнар

Бұрынғы Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев 2 айға қамалды

АСТАНА. 2 мамыр. Қазақстаның бұған дейін ұсталғаны баяндалған бұрынғы Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев 2 айға қамауға алынды. Бұл туралы El.kz ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Нақты айтқанда, 29 сәуірде ауыр зардаптарға әкеп соққан билік пен лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдаланғаны үшін (ҚК-нің 362-бабы 4-бөлігі) Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 128-бабы тәртібінде Ішкі істер экс-министрі Ерлан Тұрғымбаев ұсталған болатын. Қылмыстық істе мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтердің болуына байланысты сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басқа деректері жария етуге жатпайды.

Айта кетейік, Ерлан Тұрғымбаев Ішкі істер министрлігін 2019 жылдың ақпанынан бастап басқарды. 2022 жылы Қаңтар оқиғасынан кейін көп ұзамай Президенттің кеңесшісі болып тағайындалды. Алайда алты айдан соң бұл қызметінен де босатылған еді.

Тағы көрсету

Ұқсас мақалалар

Back to top button