Қауіпсіздік қызметі діни экстремизм фактісі бойынша бір топ азаматты ұстады
АСТАНА. 12 қараша. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері Қазақстанның бір топ азаматын діни экстремизмге қатысты іс бойынша қамауға алды. Бұл туралы ҚазТАГ дерегіне сүйенген rast.kz хабарлайды.
«7 қарашада ҰҚК Алматы облысының прокуратурасымен келісе отырып, полицияның қатысуымен Алматы, Алматы және Ұлытау облыстарында діни-экстремистік әрекеттерді ұйымдастырды деген күдікпен Қазақстанның бес азаматын ұстады», – делінген комитет баспасөз қызметінің хабарламасында.
Сондай-ақ, тыйым салынған ұйымның қызметіне қатысқаны үшін 17 тұлғаға «сыртқа кетпеу туралы қолхат» түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.
«Сотталушылардың тұрғылықты жерінде тінту барысында діни әдебиеттер мен басқа да заттай айғақтар тәркіленді. Бұл тұлғалардың төртеуі экстремистік қылмыс жасағаны үшін бұрын сотталған болса, тоғызына тыйым салынған ұйымның қызметіне қатысуға жол берілмейтіні туралы ресми ескертулер берілді», – деп толықтырды Ұлттық қауіпсіздік комитеті.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі.405-бабының 1 және 2-бөліктері бойынша (қоғамдық немесе діни бірлестіктің немесе өзге де ұйымның экстремизмді немесе терроризмді жүзеге асыруына байланысты олардың қызметіне тыйым салу немесе тарату туралы сот шешімі шыққаннан кейін олардың қызметін ұйымдастыру және оған қатысу) қылмыстық іс қозғалды.