Жаңалықтар жаңғырығыРуханият

Марина Овсянникова Вацлав Гавел атындағы сыйлық алды

ОСЛО. 25 мамыр. Ресейдің «Бірінші арнасының» бұрынғы қызметкері Марина Овсянникова бүгін Вацлав Гавел атындағы сыйлықпен марапатталды. Бұл туралы «Азаттық» радиосы хабарлады.

Журналист Марина Овсянникова мұндай наградаға аталмыш арнаның кешкі жаңалықтар шығарылымы беріліп жатқанда тікелей эфирден көрініп, Ресейдің Украинадағы соғысқа қарсылығын білдірді. Сондықтан ол адам құқығы саласындағы сыйлыққа ие болды.

Сыйлық бүгін, 25 мамыр күні Норвегияның байтағы – Осло қаласында тапсырылды.

Журналист биылғы 14 наурыз күні «Бірінші арнаның» тікелей эфиріне «Соғысты тоқтатыңдар. Насихатқа сенбеңдер. Мұнда бәрін өтірік айтады» деген жазуы бар плакатты көтеріп шыққан болатын.

Овсянникова арнада 2003 жылдан бері жұмыс істеп келді. Ол осы акциядан кейін артынша сотқа тартылып, 30 мың рубль айыппұл төледі. Содан кейін көп кідірмей Ресейден кетіп, Германияға барып тұрды.

Марина Владимировна Овсянникова (қыз кезінде – Ткачук) 1978 жылы 19 маусымда Украинаның Одесса қаласында туған. Анасы – орыс, әкесі – украин. Әкесі оның 5 жасында қайтыс болып кеткен. 2022 жылғы сәуірден бері немістің Die Welt газетінде істеп жатыр.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button