Жаңалықтар жаңғырығыЖаһан

БҰҰ Бас Ассамблеясы Ресейді Адам құқығы кеңесінен шығарды

НЬЮ-ЙОРК. 7 сәуір. Бүгін Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы Ресейді Адам құқығы жөніндегі кеңес құрамынан шығарып тастады. Бұл туралы ТАСС хабарлады.

Ресей Федерациясынан аталмыш Кеңес құрамынан шығару жөніндегі қарарды дауыс беруші елдердің үштен екі бөлігі қолдады.

Хабарламада дауыс беруге 175 мемлекеттің қатысқаны, олардың 93-інің Ресейді құрамнан шығару үшін дауыс бергені, 58 елдің қалыс қалғаны және 24 дәулеттің қарсы болғаны айтылады.

РФ-ның Кеңес мүшелігінің тоқтатылуы тек осы ротацияның соңына дейін жалғасады. Содан кейін Ресей 2023 жылы оған қайта мүше болу үшін өтініш білдіре алады.

Қарардың қабылдануына қарсы дауыс берушілер қатарында Алжир, Беларусь, Боливия, Бурунди, Орталық Африка Республикасы, Қытай, Конго, Куба, Конго Демократиялық Республикасы, КХДР, Эритрея, Эфиопия , Габон, Иран, Қазақстан, Мали, Қырғызстан, Лаос, Никарагуа, Сирия. Тәжіктан, Өзбекстан, Вьетнам және Зимбабве мемлекеттері болды.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button