Жаңалықтар жаңғырығыТіршілік

Сарапшылар Путиннің тағдыры қашан шешілетінін әңгімеледі

МӘСКЕУ. 7 сәуір. Сарапшылар РФ президенті Владимир Путиннің тағдыры сәуір айының соңына дейін шешіліп қалуы мүмкін екенін айтты. Бұл туралы Donpress хабарлады.

«Ресей әскерлері Украинада тағы жеңіліске ұшырар болса, Владимир Путиннің тағдыры биылғы жылғы сәуір айының соңында шешіліп қалуы мүмкін», – деді ресейлік саяси қайраткер, журналист және математик Андрей Пиотковский «Украина 24» телеарнасына берген сұхбатында.

Ол Ресей армиясы кезекті мәрте күйрей жеңілген жағдайда РФ генералдары не Путиннің көзін жояды, не Кремльдің басшысы жоғары лауазымды әскери қызметкерлердің көп бөлігін айыпты деп тауып, оларды репрессиялауды бастап кетеді, дегенді айтты.

«Жоқ болса, ол басқаларды қайдан тапсын? Сәуірдегі жеңілістен кейін, – мұны осылай деп атайық, – не генералдар Путинді жойып жібереді, не Путин бір қора генералды бұған кінәлі деп тауып, кейбірін атқызады, кейбірін орындарынан алады. Бірақ бұдан ештеңе өзгермейді, Ресейден дәл қазір ешқандай да наполеондар шықпайды», – деді ол.

Сарапшы Пиотковский сондай-ақ енді қалай болғанда да, Путиннің стратегиялық тұрғыда жолы мүлде кесілгенін, бұдан былай әлемде оны ешкімнің сыйламайтынын, тек украин халқының одан тағы қанша зардап шегетіні ғана сұрақ болып тұрғанын сөз етті.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button