Смартфон обырдың қатерін арттыра түседі – зерттеушілер
ВАШИНГТОН. 13 шілде. АҚШ-тың Калифорния штатындағы Беркли университетінің сарапшылары смартфон адамның обыр ауруымен ауыруы қатерін күшейте түседі деген тұжырымға келді. Бұл туралы Daily Mail газеті жазды.
«Мобилді телефонды 10 жыл бойы күніне бар-жоғы 17 минут пайдаланып тұру адамның қатерлі ісік – обыр ауруларымен ауыру қаупін 60 пайызға дейін ұлғайтады, делінген жаңа зерттеу қорытындысында. Мұндай тұжырымға келу үшін ғалымдар мобилді телефон мен әлем бойынша ауыру деңгейі жасалған 46 түрлі зерттеу еңбектерінің нәтижелеріне сүйенген», – деп атап көрсетті басылым.
«Олар ұялы телефонды 1000 сағат бойына немесе он жылдың көлемінде әр күні 17 минуттан пайдаланып тұрған адамның рак ісіктеріне шалдығу деңгейінің 60 пайызға дейін артып кететінін анықтады», – деп жазады газет.
Беркли сарапшылары мобилді қондырғыларды пайдалану мен денсаулық жағдайының ара-қатынасын жөнінде толығырақ мәлімет алу үшін АҚШ-та, Швецияда, Ұлыбританияда, Жапонияда, Оңтүстік Корея мен Жаңа Зеландияда бұрынырақ жүргізілген зерттеулермен де мұқият танысып шықты. Зерттеу авторы Джоэл Московиц қазір адамдар мобилді телефонды пайдалану уақытын барынша қысқартып, оны өз денесінен мейлінше қашық ұстап жүрулері, стационарлы телефонды мүмкіндігінше тек қоңырау шалу кезінде ғана қолға ұстаулары» керек деп есептейді. Ол сондай-ақ пайдаланбайтын уақытта Wi-Fi мен Bluetooth желілерін өшіріп тастауға кеңес береді. Алайда, Wi-Fi-роутермен қатар тұрған шағыңызда мобилді телефонды Wi-Fi арқылы пайдаланып, ұялы байланысты өшіріп қойған абзал, себебі, бұл ұялы байланысты пайдаланғаннан гөрі адамның сәуле алуын айтарлықтай азайтуы мүмкін, деп жазады газет.
«Телефонды мүмкіндігі болғанынша денеден 10 дюйм (25,4 см) қашық ұстаған ләзім: бұл оннан бір дюйммен салыстырғанда, сәуле алуды 10 мың мәртеге дейін төмендетеді. Ал қондырғыны сөмкеде немесе рюкзакта ұстаған дұрыс. Егер сізге оны қалтаға салуға тура келіп жатса, дереу ұшу (полёт) режиміне келтіріңіз», – деген кеңес береді сарапшылар.
«Мәтінді хабарламаларды жолдаңыздар, қоңырау шалу кезінде сымды құлақшаларды немесе ашық дауысты байланысты пайдаланыңыздар. Ұйықтаған кездеріңізде телефонды бастың жанына қоймаңыздар – оны өшіріп тастаңыз немесе басқа бөлмеге қойыңыздар», – деп атап өтеді жарияланым.
«Телефонды тек күшті дабыл (сигнал) естілген кезінде ғана қосыңыз. Мобилді телефондар нашар дауыс шығып тұрған кезінде сәулені көбірек таратуға лайықтанып жасалған. Сол сияқты лифтіде немесе машинада телефон пайдаланбаңыздар, өйткені, металл конструкциялар сигналдың келуіне кедергі келтіреді», – деген ақпар береді UC Berkeley News.
«Мобилді телефонды қолдану мен обырдың арасындағы байланысты зерттеуде кереғарлықтардың бары рас, деп мойындайды Московиц, ол мұның «өте шетін саяси тақырып» екенін айтады.
«Беркли командасы Оңтүстік Корея Ұлттық онкология орталығымен және Сеул университетімен бірлесіп зерттеу жүргізді. «Ұялы телефонды пайдалану қоғам денсаулығы мәселесінде бірінші планға көптеген проблемаларды шығарады. Өкінішке орай, бұған ғылым қауымдастық аз назар аударады», – деп атап өтті Московиц.