Жаңалықтар жаңғырығыТіршілік

Путиннің қатерлі ісіктің бір түрімен ауыратыны рас екен (видео)

МӘСКЕУ. 1 сәуір. Ресей президенті Владимир Путиннің қатерлі ісік ауруларының бір түрімен ауыратыны рас болып шықты. Бұл туралы «Азаттық» радиосы хабарлады.

Кремльдің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков өз қожайының қалқанша безі қатерлі ісігімен ауыратынын мойындай отырып, оның онкологиялық аурулар арасында емдеуге жататын түрі екенін білдірді.

Мұны зерттеуген журналистер алдымен Владимир Путиннің онкологиялық ауруларды емдейтін хирург дәрігерлерге бірнеше рет қаралғанына көз жеткізді. «Проект» жобасының тілшілері Путин іссапарға шыққанда ұдайы жанында жүретін дәрігерлер тобының тізімін анықтады.

«Путиннің жанында Орталық клиникалық аурухананың қызметкері Евгений Селиванов ылғи жүреді. Ол Путинмен Сочиге кемі 35 рет ұшып барған» деп жазды олар зерттеулерінде.

«Проект» сондай-ақ Селивановтың зерттеу тақырыбы егде жастағы адамдардың қалқанша безі қатерлі ісігін хирургиялық емдеу екенін атап өткен.

Зерттеуде Путиннің қандайда бір дертке шалдыққаны не қандайда бір диагнозы жазылмаған. Бірақ журналистер «Путинге кемі екі рет арқасына операция не күрделі процедура жасалуы мүмкін» деп топшыға тоқталған. Емдеу процесі Путиннің жұрт алдына шықпай жүрген кездерімен сай келуі ықтимал» дейді тілшілер.

Олар Путинмен бірге Сочиге, Селивановтан бөлек, отоларингологтер (тамақ, құлақ, мұрынды емдейтін дәрігерлер) Алексей Щеглов пен Игорь Есаковтың талай келгенін атап өтеді.

Бұған қоса, журналистер Путиннің Алтайға барғанда бұғы мүйізінің қаны құйылған ваннаға түсуі де кәдік екенін жоққа шығармайды.

Зерттеу жүргізушілер Путиннің былтыр қыркүйекте аяқ асты оқшауланғанын, одан кейін ол әлем лидерлері не үкімет мүшелерімен кездескенде өте алыста отыратынын аңғарған.

Бірақ Дмитрий Песков «Проект» жобасының зерттеуін «ойдан шығарылған» деп отыр.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button