Қытай ғалымдары ыстықта салқындататын мата ойлап тапты
БЕЙЖІҢ. 12 шілде. Қытайдың Хуачжунь ғылым және технология университетінің мамандары денені салқындататын мата ойлап шығарды. Бұл туралы NewScientist хабарлады.
Ғалымдар түсіндіргендей, шығарылған «метаматаның» құрамында титан оксидінің, тефлон мен жартылай сүт оттегінің микроскоптық талшықтары бар. Осылардың бәрі жылуды тарату есебінен денені салқындатады.
Жүргізілген сынақ көрсеткендей, «ақылды» мата дененің қызуын бірнеше градусқа түсіріп жіберуге қабілетті болып шықты. Еріктілердің бірі сынақ кезінде метаматадан, екіншісі мақтадан жасалған матадан тігілген желетті киіп, күннің көзінде бір сағат отырған. Соңынан ғалымдар олардың терілерінің температураларын өлшеп көргенде, «ақылды» маталы киім кигенінің дене қызуы 31-32 градусты, мақта маталы киімдісінің қызуы 37 градусқа тең болған. Оқымыстылар сондай-ақ машиналарды да тексеріп көрген. Сонда метаматадан жамылғы жамылған көлік салонының салқын болатынына көз жеткен.