Армения парламент сайлауында Пашинянның партиясы жеңіске жетті
ЕРЕВАН. 21 маусым. Арменияның парламент сайлауында премьер-министрдің міндетін атқарушы Никол Пашинянның партиясы басым дауысқа ие болды. Бұл туралы ТАСС хабарлады.
Маусымның 20-ы күні кезектен тыс өткен парламент сайлауында премьер-министрдің міндетін атқарушы Никол Пашинянныі «Азаматтық келісім» партиясы 55,61 пайыз дауыс жинады. Дүйсенбі күні дауыстар мәліметтері сарапталып шыққаннан кейін бұл көрсеткіш 54 пайызға дейін түсті. Алайда, осының өзі партия фракциясының үкіметті жеке-дара жасақтай алуына жол береді.
Орталық сайлау комиссиясының дерегі бойынша, 20,01 пайыз дауыс алған бұрынғы президент Роберт Кочарянның «Армения» партиясы екінші орында тұр. Дүйсенбі күні дауыс толық саналып шыққаннан кейін оның көрсеткіші 18,75 пайызға төмендеді.
Бұдан әрі Серж Саргсянның партиясы (5,27 пайыз), Гагик Царукянның партиясы (4,3 пайыз) келеді.