Жаңалықтар жаңғырығыҚайнар

Америкалық ғалымдар ерте қартаюдың себебін анықтады

ВАШИНГТОН. 20 маусым. Америкалық ғалымдар кейбір адамдардың неге ерте қартайып кететінін анықтап шығарды. Бұл туралы ТАСС хабарлады.

Оқымыстылардың пікірлерінше, қанның құрамынан оттегінің босап шығуына жауап беретін қан түйіршіктеріндегі белоктардың жетіспеушілігі адамның мерзімінен бұрын қартаюына жол ашады екен. Тап осы оттегінің аздығы қартаю мен адамның жасы ұлғайғын сайын есту қабілетін төмендетуге алып барады.

Ғалымдар тышқандарға жасаған тәжірибе барысында қан құрамындағы ADORA2B белогының төмендеуі жануарлардың жады мен есту қабілетін төмендетуга апаратынын анықтады. Мұның соңы олардың қартаю процесін де жеделдете түспекші.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button