Жаңалықтар жаңғырығыТіршілік

Испаниядағы атақты күлегеш кісі қайтыс болды (видео)

МАДРИД. 29 сәуір. Испаниядағы атақты күлегеш Хуан Хойя Борха қайтыс болды. Бұл туралы «ABC de Sevilla» газеті хабарлады.

Әлеуметтік желіде «күлегеш» немесе «күлкілі испан» атымен қалған белгілі сайқымазақ әртіс Хуан Хойя Борха бүгін Севильядағы Вирхен дель Росио кеселханасында өмірден өтті.

Бұқаралық ақпарат құралдарының мәлімдеуінше, соңғы жылдары 65 жастағы комиктің денсаулығы айтарлықтай сыр беріп келіпті. Өткен жылғы қыркүйек айында ауруханада оның бір аяғы кесілген екен.

Хуан Хойя Борха әлеуметтік желіде көрсетілген испан шоуларынан кейін бірден әлемге кеңінен танылып шыға келді. Оның күлкісі жұртты әбден еліктіріп әкеткені сондай, көрермен көпшілікке бәрі бірден ұнады.

Бағдарламадағы мына кадрлардың мем болып шыға келгені сонша, әлеуметтік желіні пайдаланушылар өздеріне қатысты барлық проблемалық мезеттерді осы арқылы жеткізетін болды.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button