Жаңалықтар жаңғырығыТаным

Британия Айсұлтан Назарбаев өлімінің себебін анықтады

ЛОНДОН. 25 наурыз. Британия сарапшысы Айсұлтан Назарбаевтың кенеттен орын алған өліміне қатысты тұжырымдарды жариялады. Бұл туралы K-News хабарлады.

«Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жиені Айсұлтан Назарбаев өзінің ажалынан, кокаинға тәуелділіктен өлген», – деді британиялық коронер. Ол бұл жөніндегі қорытындыны 24 наурыз күні ұсынды.

Күтілгендей, коронердің тұжырымы 2020 жылғы 16 тамызда Лондон паркінде ес-түссіз жатқан Назарбаевтың өліміне қатысты барлық түйткілді күдіктерді сейілтететін болады.

29 жастағы Айсұлтан соңғы бірнеше жыл бойы есірткіге құмарлықтан арылу жолында күресіп келді. Ал қайтыс боларынан бірқатар уақыт бұрын өз әулеті мен отбасы мүшелерінің жемқорлыққа қатыстылығы жайында бірнеше рет жанжалды мәлімдеме де жасап үлгерген болатын. Сондықтан оның күтпеген жерден болған өлімі қоғам тарапынан көп күдік пен секем туғызды.

Осы қазаның себеп-салдарын тексеру барысында аға коронер Фиона Уилкокс ханым осыған байланысты куәлардың, полиция инспекторлары мен психиатрдың көрсетілімдері туралы баяндап беруге уәде еткен еді. Сарапшының айтуынша, тексеріс марқұмды зорлап, күшпен өлтіру әрекетінің болмағанын, бәрі кокаинға тәуелділіктен шыққанын көрсетті.

«Мен Айсұлтан өзінің ажалынан қайтыс болған деген тұжырымға келіп отырмын. Ол кокаинға құмарлықтан, сол дертті жеңе алмағандықтан өлген, – деді Уилкокс ханым. – Бұл жағдайға байланысты күдіктің бәрі негізсіз».

Зерттеу өлген кезінде Назарбаевтың қанында кокаинның өте жоғары деңгейдегі концентрациясы болғаны анықталған.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button