Британия Украинаға беретін қару-жарақ санын 10 есеге арттырады

ЛОНДОН. 4 маусым. Ұлыбритания Украинаға соғыс жүргізу тәсілін өзгерткен қару-жарақтар жеткізілімдерін 10 есеге көбейтуге шешім қабылдады. Бұл туралы Dialog.ua ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
Reuters агенттігінің хабарлауынша, Ұлыбритания 2025 жылдың маусымынан 2026 жылдың сәуіріне дейін Украинаға 100 000 дрон жеткізуге міндеттелген.
Бұл көрсеткіш британ үкіметі бастапқыда жариялаған көрсеткіштен 10 есе көп. Сонымен қатар, Лондон украин әскери қызметкерлерін оқытуға 247 миллион фунт стерлинг бөлмек болып отыр.
«Дрондарға 350 миллион фунт стерлинг жұмсалады. Киевке әскери қолдау көрсету жөніндегі кең ауқымды бастаманың бір бөлі осындай», деп атап көрсетті Reuters.
Жаңалықты Брюссельде өтетін Украина қорғанысы жөніндегі байланыс тобының отырысында Ұлыбританияның қорғаныс министрі Джон Хили ресми түрде жеткізеді.
Лондон тек ұшқышсыз ұшақтарды ғана емес, сонымен қатар маңызды артиллериялық оқ-дәрілерді де көбейткелі отыр. Бүгінге дейін Ұлыбритания Киевке 140 мың артиллериялық снаряд жеткізіп қойған. Лондон енді ұшқышсыз ұшақтарды көптеп жөнелутге шешім қабылдады. Себебі, дрондар Украинаның соғыс жүргізу тәсілін күрт өзгертіп, табысқа жеткізе бастады.